«Баскетболдың техникасы мен ережелері» ашық сабақ

2025 жылдың 28 наурыз күні «Дене шынықтыру» кафедрасының аға оқытушысы, Іңкәрбеков Данияр Базарханұлы. 3-курстың Фк-22-1К1,Фк-22-1к2 топтарының білім алушыларына 6В01401-Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау БББ бойынша «Баскетбол» пәнінен «Баскетболдың техникасы мен ережелері» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында білім алушылар баскетбол ойынының техникасын тереңірек танып және практикалық түрде үйренді, практикалық әдіс-тәсілдер бойынша алуан түрлі жаттығуларды орындап, үйрене білді.

«Автоматтандырылған кітапханалық бағдарламалар жүйесін қолданудағы нормативті-технологиялық аспектілер» ашық сабақ

28.03.2025 күні «Қазақ тілі және әдебиеті» кафедрасының ғ.м., аға оқытушысы Р.Тастыбаева Кітапханадағы автоматтандырылған бағдарламалармен жұмыс пәнінен ФИ-22-4к тобына «Автоматтандырылған кітапханалық бағдарламалар жүйесін қолданудағы нормативті-технологиялық аспектілер» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында бірнеше әдістерді тиімді пайдаланып, студенттерді белсенді қатыстыра білді.

«Өнер тарихы» пәнінен ашық практикалық сабақ

2025 жылдың 28  наурызы күні  «Дизайн» кафедрасының магистрі,  аға оқытушысы  Алшымбаева Сауле Нағашбекқызы 6В0211 – «Сән индустриясы» БББ бойынша, ПиК-24-17к  тобының 1 курс студенттерімен «Өнер тарихы» пәнінен "Готика өнері. Готика стилінің сәулет, мүсін, сәндік-қолданбалы өнермен байланысы" тақырыбында ашық практикалық сабақ өткізді. Өтілген тақырып пәннің оқу бағдарламасына сәйкес келеді (силлабус). Материал толығымен ашылды,   көрнекі құралдарды толығымен пайдаланды.  Студентер койылған сұрактарға толық жауап берді және белсене тақырыпты талқылауға катысты.

IT-кәсіпкермен кездесу

Цифрлық мәдениетті дамытуға ықпал ететін тиімді әдістердің бірі – IT-өнеркәсібінің өкілдерімен кездесулер ұйымдастыру. Осылайша, оқу процесі аясында "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" кафедрасының 1 курс студенттері AmanbayTech компаниясының директоры Аманбай Ерсайынмен кездесті.

Хабарландыру

28.02.2025 жылы сағат 16-00-да 210 аудиториясында аға оқытушы Туманова Гульзада Аскаровнаның «Шығармашылық тапсырмалар ақыл ой әрекетін белсендіру тәсілі ретінде» атты тақырыбында семинары өтіледі.

«Педагогика  және өнер»  факультеті

«Саз және ән»  кафедрасы
 

«Қош келдің Әз-Наурыз» тәлімгерлік ашық сабақ

2025 жылдың 28 наурыз күні «Дизайн» кафедрасының тәлімгері Калабаева Қызбала Райымбековна және Рахимов Бабур Фархадовичтің ұйымдастыруымен ПиК 24-1к2, Пик 24-14к2 ПиК 24-1к3 топтарының студенттерімен бірге «Қош келдің Әз-Наурыз» тақырыбында тәлімгерлік ашық сабақ өтті.
Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып жаңа жылымызда келді. 

Хабарландыру

27.03.2025 жылы сағат 10-30-да 211 аудиториясында аға оқытушы Туманова Гульзада Аскаровнаның «Сольфеджио» пәні бойынша ПиК-24-13к тобына «Сольфеджио сабағындағы музыкалық диктант» тақырыбында практикалық ашық сабақ өтіледі.

«Педагогика  және өнер»  факультеті

«Саз және ән»  кафедрасы
 

«Ауызша іскерлік коммуникация» ашық сабақ

26 наурызда «Орыс және өзбек тілдері» кафедрасының оқытушысы Б.Д. Әсілбекова «Ауызша іскерлік коммуникация» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Студенттер білімдерін кеңейтіп, іскерлік қарым-қатынастың маңызды аспектілерін талқылау мүмкіндігін жіберіп алған жоқ! Сабақ қызықты және танымдық өтті, студенттер тапсырмаларды орындауға белсене қатысты.
 

Оқиға категориялары

7СЫР (24)