«Педагогикалық зерттеу нәтижелері және олардың негізгі түрлері» ашық сабақ

14.04.2025ж. «Дене шынықтыру және спорт» факультетінің «Дене шынықтыруды оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасының ғ.м. аға оқытушысы Мильдоходжаева Г.С. Педагогикалық зерттеулер пәнінен ФК-24-1к7, ФК-24-1к8, ФК-24-1к9 тобының білім алушыларына «Педагогикалық зерттеу нәтижелері және олардың негізгі түрлері» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында студенттерге тақырыптың жоспарлары айтылды және сабақ уақытында  негізгі мәселелер талқыланды, одан басқа студенттерге сұрақтар қойылды.

Әдістемелік семинар

14.04.2025ж. күні «Тарих және география» кафедрасының ұйымдастыруымен «Отбасы және қазіргі заман: оқыту әдістемесі мен заманауи тәсілдер» тақырыбындағы әдістемелік семинар болып өтті.

«Қазақ тілі және әдебиеті» кафедрасының секциялық отырысы

«Педагогикалық және жаратылыстану ғылымдары» факультетінің Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының білім алушылары «FUTURE SCIENCE: ИДЕЯ, ИННОВАЦИЯ, ИНТЕЛЛЕКТ» атты жас ғалымдар мен студенттерге арналған республикалық ғылыми-практикалық конференциясына қатысып жүлделі орындармен марапатталды, атап айтсақ:
І орынмен ФИ-24-1к1 тобының білім алушылары Н.Оразбай, М.Бекмаханбет ғылыми жетекшісі ғ.м., аға оқытушы А.Байболова;
ІІ орынмен ФИ-24-1к3 (ІР) тобының білім алушысы Н.Сейфолла ғылыми жетекшісі ғ.м., аға оқытушы Н.Мұса;

СЕКЦИЯЛЫҚ ОТЫРЫС

1.ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ: 
СЫН-ҚАТЕРЛЕР МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАР (112 А, 219 аудитория)
Ұйымдастырушы декан – Мамыт А.А.
Модератор: Төребекқызы Лаура – ЕП-23-7к тобының студенті
Хатшы: Усенқызы Жанна – ЕП-24-7к тобының студенті
Жетекшісі: Муминова Ш.С.
Педагогика және бастауыш оқытудың әдістемесі кафедрасынан секциялық отырысқа баяндама оқитын студенттер тізімі:
 1. Жұмахан Н.С.
Тақырыбы: Сын есімдердің семантикалық топтары
Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к Аккузов А.А.
2. Жүзбай Б.Е. 

"Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" кафедрасының секциялық отырысы

11 сәуір күні «FUTURE SCIENCE: Идея, Инновация, Интеллект» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция аясында Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар кафедрасының секциялық отырысы өтті.

Жас ғалымдар мен студенттер өздерінің тың идеяларымен бөлісіп, ғылым мен технологияның болашағы жайлы маңызды ойлар айтты. Конференция қызықты, мазмұнды әрі жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

«Академиялық сурет» пәнінен ашық практикалық сабақ

11.04.2025ж. «Педагогика және өнер» факультетінің «Дизайн» кафедрасының аға оқытушысы Рахимов Бабур Фархадович Академиялық сурет пәнінен Пик 24-1к-3 тобының білім алушыларына «Графикалық суреттерді стильдеу» тақырыбында ашық сабақ өткізді. 
Оқытушы сабаққа кіріспе жасап, дизайн және графика салаларындағы стиль және стильдеу тарихына кеңінен тоқталды. Әлемдік суретші, дизайнерлердің шығармашылық стильдерімен студенттерді таныстырды. 

«FUTURE SCIENCE: ИДЕЯ, ИННОВАЦИЯ, ИНТЕЛЛЕКТ» республикалық ғылыми-практикалық конференция

2025 жылғы 11 сәуір күні «FUTURE SCIENCE: ИДЕЯ, ИННОВАЦИЯ, ИНТЕЛЛЕКТ» атты жас ғалымдар мен студенттерге арналған республикалық ғылыми- практикалық конференция өтті. Конференцияға жас ғалымдар, магистрлер, докторанттар және студенттер қатысты. Университетіміздің ректоры, т.ғ.к., профессор Байболов Қанат Сейтжанұлы конференцияның ашылуымен құттықтап, барша қатысушыларға сәттілік тіледі. Пленарлық отырыста Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, SDU университеті, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, М.Әуезов атындағы зерттеу университеттерінің магистр, докторанттары, студенттері баяндама оқыды.

Семинар-тренинг: «Отбасы тәрбиесінің қазіргі қоғамдық талаптарға сай даму ерекшеліктері»

10.04.2025 жылы «Педагогика және өнер» факультеті, «Мектепке дейінгі оқыту және психология» кафедрасының магистр, аға оқытушы Атаева Жадыра Муханқызы ұйымдастыруымен «Отбасы тәрбиесінің қазіргі қоғамдық талаптарға сай даму ерекшеліктері: педагогикалық және психологиялық жолдар» тақырыбында ПИК-24-6к, ПИК-23-7к семинар-тренинг өтті. Семинардың мақсаты – қазіргі қоғамдағы отбасы тәрбиесінің маңызын ашу, ата-ана мен бала арасындағы байланысты педагогикалық және психологиялық тұрғыдан талдау, қатысушылардың кәсіби көзқарасын кеңейту, практикалық дағдыларын дамыту.

Ашық есік күні

Ж.А. Ташенев атындағы университетте ашық есік күні! 
2025 жылғы 8-9 сәуір аралығында «IT және шетел тілдері» факультеті №125 «High School» мектебінің түлектерімен кездесу ұйымдастырды.

  • Не қызықты болды:
  • Университетке экскурсия.
  • 414-ші аудиторияда білім беру бағдарламаларын таныстыру.
  • Компьютер сыныптарында сынама тестілеу.

Оқушылар студенттік өмірдің атмосферасына еніп, болашақ мамандықтары туралы бәрін білді!
 

Оқиға категориялары

7СЫР (24)