Магистранттар диссертациялық жұмыстарын қорғауды бастады

Бүгін Tashenev University-де магистратура білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық жұмыстарды қорғау кезеңі ресми түрде басталды. Бұл – магистранттар үшін бірнеше жылдық еңбектің, ғылыми ізденістің және кәсіби дамудың маңызды нәтижесі.

Қорғау процесін ұйымдастыруда университет академиялық әділдік, ашықтық және сапа принциптеріне баса назар аударады. Барлық аудиториялар бейнебақылау жүйесімен жабдықталған, ал қорғау рәсімдері жоғары академиялық стандарттарға сай өтуде.

Аттестациялық комиссиялар құрамы сапалы іріктеліп, бірқатар профессорлар, доценттер, ғылым докторлары мен PhD иегерлері – білім беру бағдарламаларына сәйкес кәсіби тәжірибесі мол, ғылыми дәрежесі жоғары мамандар тартылды.

Абдуллаева Жазира Дайрабаевна, философия докторы (PhD), «ЖОО кейінгі білім беру» бөлімінің басшысы, қауымдастырылған профессор м.а.:
«Университетімізде магистратура деңгейіндегі аттестациялық комиссия құрамын іріктеуде сапа мен кәсібилікке баса назар аударылады. Әрбір комиссияға ғылыми беделі жоғары, тәжірибелі сарапшылар шақырылып, қорғау барысының әділ әрі мазмұнды өтуіне жағдай жасалады».

Сонымен қатар, стратегиялық даму және ғылым жөніндегі проректоры қорғау барысын тікелей бақылап, магистранттарға сәттілік тілеп, олардың ғылыми еңбегіне қолдау білдірді.

Біз барлық магистранттарға сәтті қорғау, ғылыми және кәсіби жолында зор жетістіктер тілейміз!
 

Оқиға категориялары