Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін құқықтық жауапкершілік

Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық Соңғы онжылдық мемлекетіміздің «ұлттық қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіретін» негізгі көздердің бірін білдіретін сыбайлас жемқорлық мәселелерін зерттеуге және жемқорлыққа қарсы күрестің құқықтық шараларын жетілдіруге деген жоғары қызығушылықпен сипатталады. 

Халықаралық пәндік студенттік олимпиадасы

2025 жылдың 24-сәуір күні 6В04101-«Есеп және аудит» білім беру бағдарламасы бойынша жоғары оқу орындары студенттерінің Халықаралық пәндік студенттік олимпиадасы Алматы қаласы, «Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде өтті. 

“Жалпы химия” пәнінен дәріс сабағы

2025 жылдың 24-сәуір күні Педагогикалық және жаратылыстану ғылымдары, Химия және биология кафедрасының 6В01507-Биология мұғалімін даярлау мамандығының ЕП 24-10 I, II к оқу топтарының “Жалпы химия” пәнінен дәріс сабағы ашық түрде өткізілді.

«Баскетбол ойынының техникасын жетілдіру» ашық сабақ

23.04.2025 ж. "Дене шынықтыру және спорт" факультетінің, "Дене шынықтыру" кафедрасының оқытушысы Ахметов Мадияр Куанышбекович жетекшілігімен Баскетболды оқыту пәнінен 3 курстың 6В01401 – Дене шынықтыруды оқытудың теориясы мен әдістемесі білім беру бағдарламасының білім алушыларына «Баскетбол ойынының техникасын жетілдіру» тақырыбында ашық сабағы болып өтті. 

«Бір айнымалы функцияларды интегралдық есептеу» ашық сабақ

Ғылым магистрі, аға оқытушы: Темирбеков Бейбіт Жанабаевич «Бір айнымалы функцияларды интегралдық есептеу» пәнінен «Меншіксіз интегралдар» атты ашық дәріс сабағын өткізді.
Ашық сабақта алға қойылған білімділік, дамытушылық, тәрбиелік міндеттер орындалды. Себебі, бұл міндеттер топтың, жеке студенттердің ерекшеліктеріне сәйкес дұрыс пайдаланылды. Аталған міндеттерді шешуде сабақтың бұл түрі өмірден алған мысалдармен берілген ақпараттарымен тиімді болды.

«My University» ашық сабақ

«Ағылшын тілі» кафедрасының магистр-оқытушысы Э.П. Арысбаева шет тілі пәнінен ФК-24-1К9 тобымен «My University» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Ашық сабаққа кафедра меңгерушісі, кафедра оқытушылары және оқу бөлімі қызметкерлері қатысты. Сабақ жоғары әдістемелік деңгейде ұйымдастырылып, интерактивті оқыту әдістері тиімді қолданылды. Атап айтқанда, Kahoot платформасындағы викториналық ойын, жұптық және топтық жұмыс түрлері, рөлдік ойындар, сондай-ақ визуалды көрнекіліктер сабақтың мазмұнын тереңірек ашуға мүмкіндік берді.

«ЖАНУБИЙ КОЗОҒИСТОН» ГАЗЕТІ БІЗ ТУРАЛЫ

«Жанубий Козоғистон» облыстық қоғамдық-саяси газетіның соңғы санында университетіміздің “Орыс және өзбек тілдері” кафедрасының аға оқытушысы, PhD доктор Шахло Наралиевамен сұхбат жарияланды. 

Оқиға категориялары