ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМА ҚОРЫТЫНДЫСЫ

14–26 сәуір 2025 | Ташкент, Өзбекстан

Тәшенев университетінің 21 студенті мен 3 оқытушысы British Management University-де академиялық алмасу аясында білім алып, елге оралды. Бұл – кәсіби даму мен тұлғалық өсуге бағытталған халықаралық тәжірибе алаңы болды.

XVII Республикалық пәндік олимпиада

Студенттер арасындағы XVII Республикалық пәндік олимпиадаға Ж.А.Тәшенев атындағы университеттің «АКТ» кафедрасының білім алушылары қатысты.
Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы XVII Республикалық пәндік олимпиада Алматы қаласындағы "Тұран" университетінде өтті. Осы олимпиадаға Ж.А.Тәшенев атындағы университеттің «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» кафедрасының оқытушылары Рахметуллақызы Айсұлу мен Сматұлла Тоғжан және «6В06102 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» білім беру бағдарламасының білім алушылары:

Облыстық деңгейде семинар

Дарын орталығы ұйымдастырған Ж.Қаппаров атындағы №5 мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатының іс-тәжірибесімен бөлісу мақсатында «Пән мұғалімдерінің құзіреттілігін арттыру: оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудағы тиімді әдіс-тәсілдер» тақырыбында 25.04.2025 жылы облыстық деңгейде семинар өтті. 

«ЖАНУБИЙ КОЗОҒИСТОН» ГАЗЕТІ БІЗ ТУРАЛЫ

«Жанубий Козоғистон» облыстық қоғамдық-саяси газетіның соңғы санында университетіміздің “Орыс және өзбек тілдері” кафедрасының аға оқытушысы, PhD доктор Шахло Наралиевамен сұхбат жарияланды. 

Жеңістің 80 жылдығына арналған шарада III орын

"Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" кафедрасының ИЭФ-23-13к тобының 2-курс студенті Эрниязов Аббос Абдимуталович Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған "Ұлы дала дүбірі" атты спорттық шараға белсене қатысып, турникке тартылу сайысында жоғары шеберлік пен мықты дайындық көрсетіп, жүлделі III орынды иеленіп, арнайы марапатпен марапатталды!

Бұл жетістік — студенттің спортқа деген қызығушылығының, табандылығы мен күш-жігерінің айқын дәлелі.

Жетістігіңіз құтты болсын! Алдағы уақытта да жаңа белестерді бағындыра беріңіз!
 

Тұрабаева Ләззат Қалықұлқызы

Қызмет саласы: 1994-1998жж. №47 Т.Тәжібаев атындағы  мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, 1998-2001жж. №26 Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып еңбек еттім.
      2002ж. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, «Практикалық қазақ тілі» кафедрасының оқытушысы, 2005 жылы аға оқытушысы қызметін атқардым.
     2006 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де кандидаттық диссертация қорғадым. 2011 жылы ҚР БжҒМ  ЖАҚК доцент ғылыми атағы берілді.

Оқиға категориялары

7СЫР (24)