Тәшенев университетінің студенттері – Ташкентте!

Тәшенев университетінің білім алушылары академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Ташкент қаласындағы Британдық Менеджмент университетінде екі апталық білім алмасу бағдарламасына қатысуда.
Бұл сапарда біздің "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" кафедрасының 6В06103 – Басқарушылық Ақпараттық Жүйелер білім беру бағдарламасы бойынша оқитын ИЭФ-24-8а тобының студенттері де бар.
Студенттер тәжірибелі мамандар мен жоғары білікті профессорлардан білім алып, кәсіби даму бағытында мол тәжірибе жинақтауда.

“Cultural Heritage and Identity” ашық сабақ

2025 жылдың 17 сәуірінде «Ағылшын тілі» кафедрасының оқытушысы Д.Б. Назар 6В01707 – Шетел тілдері (IP) білім беру бағдарламасының Фи-24-9к3 тобы студенттерімен «Лингвоелтану» пәнінен ашық сабақ өткізді.
Ашық сабақтың тақырыбы: “Cultural Heritage and Identity” (Мәдени мұра және ұлттық бірегейлік).

«Өз бизнесім 2025» VIII халықаралық стартап-жобалар байқауындағы жетістік

"АКТ" кафедрасының студенті «Өз ісі 2025» VIII Халықаралық стартап-жобалары байқауынан 3 орын иеленді.
Халықаралық болып табылатын Шымкент қаласындағы «Мирас» университетінде Шымкент қаласының жетекші кәсіпкерлері мен бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қолдауымен «Өз ісі 2025» VIII Халықаралық стартап-жобалары байқауына «Арамшөптерді жоюға арналған робот» жобасын ұсынған Байзақ Санжар Оразғалиұлы және Серікбай Данияр Алиханұлы жүлделі III-орынға ие болып Дипломмен марапатталды.

Инклюзивті білім берудің педагогикалық аспектілері

2025 жылдың 17 сәуір күні 6В01301 – Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі білім беру бағдарламасы бойынша ПиК-23-5к1, ПиК-23-5к2, ПиК-23-5к3 топтарында аға оқытушы Алимова Құндыз Шайыпқызының жетекшілігімен "Инклюзивті білім берудің педагогикалық аспектілері" тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді.

«Волейбол ойынының әдістерін үйрену және оларды жетілдіру» ашық сабақ

16.04.2025 күні «Дене шынықтыруды оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасының магистр оқытушысы А. Маханбетова Волейболды оқыту әдістемесі пәнінен ФК-23-1к1,2,3 топтарына «Волейбол ойынының әдістерін үйрену және оларды жетілдіру» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында бірнеше әдістерді тиімді пайдаланып, студенттерді белсенді қатыстыра білді. 

ПРОФЕССОР ҒЫЛЫМИ АТАҒЫН АЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2025 жылғы 16 сәуірдегі № 525 бұйрығымен Ж.А.Ташенев университетінің Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры БАЙНЕЕВА ПАРИДА ТУРГУНБАЕВНАҒА 50200 - «Экономика және бизнес» ғылыми бағыты бойынша профессор ғылыми атағы берілді.

Сізге ғылымда шығармашылық табыстар, жаңа идеялар, әрбір игі істеріңіз бен бастамаларыңызға сәттілік тілейміз!!!

«Цифрлық ұрпақ» атты байқаудағы жеңіс

Мирас университеті ұйымдастырған «Цифрлық ұрпақ» атты байқауға қатысып, үздіктер қатарынан көрінген "IT және шетел тілдері" факультеті "Ақпараттық коммуникациялық технологиялар" кафедрасының ИЭФ-24-9к1 тобының студенті Серікбай Даниярды III орын иеленуімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл жетістік – Даниярдың табандылығы мен шығармашылық қабілетінің айқын дәлелі. Алда әлі талай биік белестер күтіп тұрғанына сенеміз!
Жарайсың, Данияр!
 

Отбасы–тұлғаны тәрбиелеу мен әлеуметтендіру» ашық сабақ

«Педагогика және бастауышта оқытудың әдістемесі» кафедрасының магистр, оқытушы Мирзакулова Айгерим Толебекқызы 15.04.2025ж. «Бастауыш білім педагогикасы» пәнінен «Отбасы –тұлғаны тәрбиелеу мен әлеуметтендіру» тақырыбында ПиК-23-5к-4,5,6 студенттерімен ашық сабақ жоғары деңгейде өтті.Кафедра оқытушылары қатысып өз бағасын берді, кафедрада талқыланды.

ОРЫС ТІЛІНЕН АШЫҚ САБАҚ

15 сәуірде Г.А. Абзалова ФИ 24-9к3 тобында орыс тілінен «Мамандық тілі» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақ барысында студенттер тілдің кәсіби сәйкестікке қалай әсер ететінін біліп, өз мамандықтарының терминологиясын анықтап, алған білімдерін тәжірибеде қолдануға тырысты.
 

«Көшбасшылық және басшылық» ашық сабақ

15.04.2025 күні «Экономика және басқару» кафедрасының э.ғ.к., аға оқытушы Е.А. Бакиров Көшбасшылық және кәсіпкерлік негіздері пәнінен ФК- 23-1к1,2,3 топтарына «Көшбасшылық және басшылық. Ерекшеліктері мен айырмашылықтары» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында бірнеше әдістерді тиімді пайдаланып, студенттерді белсенді қатыстыра білді.   

Оқиға категориялары

7СЫР (24)