Жасанды интеллект және робототехника орталығы

Орталық туралы жалпы ақпарат
Жасанды интеллект және робототехника орталығы (ЖИРО) – бұл Тәшенов атындағы университеттің инновациялық алаңы. Орталық жасанды интеллект, робототехника және цифрлық жүйелер саласында заманауи мамандарды даярлауға, сондай-ақ ғылыми және өндірістік шешімдерді әзірлеуге бағытталған.

1

«Футболдың техникасы мен ережелері» ашық сабақ

02.04.2025 күні «Дене шынықтыру» кафедрасының магистрі, аға оқытушысы Ғ.А.Өтегенов «Дене шынықтыру» пәнінен ЕП-24-2к, ЕП-24-3к, ЕП-24-4к, ЕП-24-7к, ЕП-24-9к, ЕП-24-13к тобының білім алушыларына «Футболдың техникасы мен ережелері»  тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында студенттерге тапсырмалар, жаттығулар, футбол ойын ережелері ұсынылды.
Кафедра мүшелері сабаққа қатысып, футболдың техникасы мен ережелерін және әдісінің оқу процесінде студенттердің танымдық белсенділігі мен қызығушылығын арттырудағы тиімділігін атап өтті.
 

Хабарландыру

Movie Club барлық кино сүйер қауымды шақырады! 

Не: «Фантастикалық жануарлар және оларды қайдан табуға болады» фильмінің көрсетілімі

Қашан: 3 сәуір (бейсенбі)

Қайда: Құнайұлы даңғылы, 21, 313-аудитория, 3-қабат

Уақыты: 15:00

Movie Club-қа қосылып, сиқырлы әлемге қызықты саяхат жасап, фильмді талқылайық! 

Тіркелу үшін телефон: +77476099828
 

Құттықтаймыз!

Педагогикалық және жаратылыстан кафедрасы,  Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы Айткулова Гульмира Әріпханқызы М.Ә. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан ғылыми зерттеу университетінде «8D02310– Филология» мамандығы бойынша «Қазақ лингвомәдени танымындағы «еңбекқорлық\\жалқаулық» концептілері» тақырыбындағы докторлық диссертациясын сәтті қорғап, PhD дәрежесін иеленді! 

Бұл жетістік – университетіміздің ғылыми әлеуетін арттырудағы маңызды қадам! Гульмира Әріпханқызына шығармашылық табыс, жаңа ғылыми жаңалықтар мен жетістіктер тілейміз!

«Тыныс алу жүйесінің физиологиясы» ашық сабақ

Сабақтың түрі: Дәріс сабағы
Сабақтың әдісі: Дәріс дисскусия 
Сабақтың көрнекілігі: интер активті такта, муляж, миға шабуыл
Өтілетін орны: 112 А.

   Қатысқандар: А.С.Тенлибаева., Р. Дилбарканова., Р.Э. Айткулова., А.Р. Мамытова., А.Рзалы., Р.А.Козыкеева 2-курс, ЕП-23-7к оқу тобы.

  Кафедраның профессоры Дильбарканова Рсай 6ВО5101-« Биология » мамандығының 2-курс (ЕП-23-7к) студенттеріне «Адам және жануарлар физиологиясы» пәнінен өткізілген ашық дәріс сабағын талдау.

«Футбол ойынының техникасын жетілдіру» ашық сабақ

01.04.2025 жылы «Дене шынықтыруды оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасының магистрі, оқытушысы Т.Ж. Әжібеков «Футболды оқыту әдістемесі» пәні бойынша Фк-23-1к10, Фк-23-1к11, Фк-23-1к12 тобының білім алушыларына «Футбол ойынының техникасын жетілдіру»  тақырыбында ашық сабақ өткізді. Практикалық сабақ барысында білім алушылар тапсырмалар, жаттығулар, футбол ойынының техникасы мен тактикасы ұсынылды.

«Баскетболдың техникасы мен ережелері» ашық сабақ

2025 жылдың 28 наурыз күні «Дене шынықтыру» кафедрасының аға оқытушысы, Іңкәрбеков Данияр Базарханұлы. 3-курстың Фк-22-1К1,Фк-22-1к2 топтарының білім алушыларына 6В01401-Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау БББ бойынша «Баскетбол» пәнінен «Баскетболдың техникасы мен ережелері» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында білім алушылар баскетбол ойынының техникасын тереңірек танып және практикалық түрде үйренді, практикалық әдіс-тәсілдер бойынша алуан түрлі жаттығуларды орындап, үйрене білді.

«Автоматтандырылған кітапханалық бағдарламалар жүйесін қолданудағы нормативті-технологиялық аспектілер» ашық сабақ

28.03.2025 күні «Қазақ тілі және әдебиеті» кафедрасының ғ.м., аға оқытушысы Р.Тастыбаева Кітапханадағы автоматтандырылған бағдарламалармен жұмыс пәнінен ФИ-22-4к тобына «Автоматтандырылған кітапханалық бағдарламалар жүйесін қолданудағы нормативті-технологиялық аспектілер» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында бірнеше әдістерді тиімді пайдаланып, студенттерді белсенді қатыстыра білді.

«Өнер тарихы» пәнінен ашық практикалық сабақ

2025 жылдың 28  наурызы күні  «Дизайн» кафедрасының магистрі,  аға оқытушысы  Алшымбаева Сауле Нағашбекқызы 6В0211 – «Сән индустриясы» БББ бойынша, ПиК-24-17к  тобының 1 курс студенттерімен «Өнер тарихы» пәнінен "Готика өнері. Готика стилінің сәулет, мүсін, сәндік-қолданбалы өнермен байланысы" тақырыбында ашық практикалық сабақ өткізді. Өтілген тақырып пәннің оқу бағдарламасына сәйкес келеді (силлабус). Материал толығымен ашылды,   көрнекі құралдарды толығымен пайдаланды.  Студентер койылған сұрактарға толық жауап берді және белсене тақырыпты талқылауға катысты.

Оқиға категориялары