2026 жылдың 31 наурыз айында «Азия- Сервис» компанияның жұмыс берушілермен кездесу
background

2026 жылдың 31 наурыз айында «Азия- Сервис» компанияның жұмыс берушілермен кездесу

2026-03-31

Mediathek / News / 2026 жылдың 31 наурыз айында «Азия- Сервис» компанияның жұмыс берушілермен кездесу

2026 жылдың 31 наурыз айында  «Азия- Сервис» компанияның жұмыс берушілермен кездесу және 6В04101 – «Есеп және аудит», 6В04102 - «Қаржы 6В04103 - «Экономика», 6В04105 -«Мемлекеттік және жергілікті басқару» және магистратура 7М04101 -  «Экономика», 7М04105 -  ««Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламалары бойынша студенттерге семинар ұйымдастырылды.

Семинардың өткізу мақсаты - жалпы компания мемлекеттік мекемелерде және коммерциялық кәсіпорындарда бухгалтерлік есепті автоматтандырумемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, бухгалтерлік есепті жоспарлау процестерін цифрландыру бойынша қызметтердің барлық спектрін ұсынады. Компания бухгалтерлік есеп, бағдарламалау және цифрлық технологиялар саласында жас мамандарды қайта даярлау және жұмысқа орналасуымен қамтамассыз етеді және жұмыс берушілермен білім беру бағдарламаларын бірлесіп әзірлеу, мамандарды даярлау стратегиясы үшін еңбек нарығын талдау және болжау, білім беру бағдарламаларын жетілдіру үшін жұмыс берушілермен бірлесіп жұмыс істеу, студенттерге дуальды оқыту өндірісінде мүмкіндік беру, мамандықтар бойынша жұмыс берушілердің бос жұмыс орындарының базасына қол жеткізу.

 Біздің университетте дуальды оқыту жүзеге асырылады, практикалық білім мен дағдыларды алу үшін кәсіпорында студенттерге оқыту үшін жеке аудиториялары бөлінген, сондай-ақ жұмыс берушілер оқу үдерісіне өздерінің тәжірибелік тәжірибесін енгізуде.

Жұмыс берушілермен кездесу студенттерімізге өндірістік және диплом алды практикадан өтуге және 2026-2027 оқу жылына арналған білім беру бағдарламаларын жаңартуға, сондай-ақ дуальды оқытуға,жұмысқа орналасу  мүмкіндік береді.