2026 жылғы 11 наурызда техника ғылымдарының докторы, доцент Есмагамбетов Булат-Батыр Саухымұлы Ташенев университетінің «IT және цифрлық технологиялар» кафедрасының оқытушыларына арналған «Ақпараттық-өлшеу жүйелерінде ақпаратты өңдеудің параметрлік емес әдістері» тақырыбында семинар өткізді.
Семинар барысында заманауи ақпараттық-өлшеу жүйелерінде параметрлік емес әдістерді қолданудың теориялық негіздері мен практикалық аспектілері қарастырылды. Қатысушыларға деректерді өңдеу мен талдаудың тиімді тәсілдері, сондай-ақ осы салада қолданылатын заманауи алгоритмдер таныстырылды.
Іс-шара аясында оқытушылар өзара тәжірибе алмасып, өзекті ғылыми бағыттарды талқылады. Семинар өткізу кәсіби біліктілікті арттыруға және ғылыми-зерттеу қызметін дамытуға ықпал етті.

