Қазақтың күй өнерін насихаттауға бағытталған жаңа тележоба көрерменге жол тартты!
background

Қазақтың күй өнерін насихаттауға бағытталған жаңа тележоба көрерменге жол тартты!

2026-10-02

Mediathek / News / Қазақтың күй өнерін насихаттауға бағытталған жаңа тележоба көрерменге жол тартты!

ЖҰМАБЕК АХМЕТҰЛЫ ТАШЕНЕВ УНИВЕРСИТЕТ» АҚ

«Өнер және көркем кафедрасы»

Қазақтың күй өнерін насихаттауға бағытталған жаңа тележоба көрерменге жол тартты!

Қазақстан күйшілер одағы Түркістан облыстық филиалы, Тәшенев университеті және «Оңтүстік» телеарнасының бірлескен жобасы қыркүйек айынан бастап әр жексенбі күні көрермендерге ұсынылатынын хабарлаймыз.    

Жоба авторы және модераторы — Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор, «Өнер және көркем еңбек» кафедрасының профессоры Ержан Арзықұлов. 

Жобаның алғашқы тұсаукесер хабарына Тәшенев университетінің ұстазы, ҚР мәдениет қайраткері, күйші-композитор, профессор Бөрі Иса қатысты. 

«Өнер және көркем еңбек» кафедрасының бұл тың бастамасы алғашқы көрсетілімнен-ақ көрерменнің ықыласына бөленіп, ұлттық өнерді насихаттайтын мазмұнды тележоба ретінде өз бағасын алып үлгерді.

Күй — халықтың үні. Күй — ұлттың рухы. Күй — ұрпаққа аманат!