Tashenev
background

2026-09-23


"ҰЛТ МЕРЕЙІ – ШЫНШЫЛ СӨЗ": ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ ФОРУМҒА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!

Құрметті оқырман қауым!

23 қазан 2026 жылы Республика күні қарсаңында Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университет Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» жинағын талқылауға арналған «Ұлт мерейі – шыншыл сөз» ғылыми-танымдық форумын өткізеді.

Форумның негізгі мақсаты – жинақта көтерілген мемлекет пен қоғам дамуының өзекті мәселелерін ғылыми-танымдық тұрғыда талқылау, елдік құндылықтар, тәуелсіздік, заң үстемдігі, білім мен ғылым, руханият, жастар саясаты және Қазақстанның келешек дамуы жөніндегі ой-пікірлер мен ғылыми пайымдарды ортаға салу.

 

ФОРУМНЫҢ 12 ТАҚЫРЫПТЫҚ БАҒЫТЫ:
1. Ұлт сапасы – ұлт санасы
2. Тәуелсіздік
3. Конституция
4. Әділетті Қазақстан
5. Заң мен тәртіп
6. Ынтымақ пен бірлік
7. Цифрландыру және жасанды интеллект
8. Білім мен ғылым
9. Руханият
10. Жастар
11. Алдағы даму
12. Тарихи тұлғалар

 

БАЯНДАМАЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

Баяндама жасау уақыты – 7 минутқа дейін.

Форумға ұсынылатын баяндаманың толық мәтіні 2026 жылғы 19 қазанға дейін ұйымдастыру комитетінің forum_2026@bk.ru электрондық поштасына жолдануы тиіс.

Баяндама көлемі – 5 бет. Мәтін Times New Roman қарпімен, 14 кегль, 1,0 жоларалық интервалмен рәсімделуі қажет.

 

ҮЗДІК БАЯНДАМА АВТОРЛАРЫ МАРАПАТТАЛАДЫ

Арнайы қазылар алқасының шешімімен тақырыптық бағыттар бойынша үздік деп танылған 12 баяндама авторларына арнайы сыйақы табысталады.

Сонымен қатар ынталандыру сыйақылары қарастырылған.

Форумның өткізілу тәртібі, қатысу шарттары мен толық ережесімен Tashenev University-дің ресми сайтынан танысуға болады.

«Ұлт мерейі – шыншыл сөз» ғылыми-танымдық форумына қатысып, ел болашағына қатысты ойыңызды ортаға салуға шақырамыз!

 

#TashenevUniversity #ҰлтМерейі #ШыншылСөз #ӘділеттіҚазақстан #РеспубликаКүні

 

PDFФорум ережесін жүктеу
«Ұлт мерейі – шыншыл сөз» форумының толық ережесі