«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәні бойынша бинарлық дәріс өткізілді
2026-03-30
«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәні бойынша бинарлық дәріс өткізілді
«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәні аясында «IT және цифрлық технологиялар» кафедрасының оқытушысы Б. Е. Изханова мен «Баланс Сервис» компаниясының өкілі бірлесіп бинарлық дәріс өткізді.
Дәріс барысында ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың заманауи даму бағыттары, оларды кәсіби қызметте қолдану ерекшеліктері, сондай-ақ цифрлық трансформация жағдайындағы цифрлық құралдардың рөлі қарастырылды. Компания өкілі өзінің кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, заманауи ақпараттық жүйелерді тәжірибеде пайдалану және мамандарға қойылатын өзекті талаптар туралы баяндады.
Теориялық білімді тәжірибеде қолдануға, цифрлық құзыреттерді дамытуға және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалануға ерекше назар аударылды. Студенттер талқылауға белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, шақырылған маманнан пайдалы ұсыныстар алды.
Бинарлық дәрістің өткізілуі университет пен кәсіби қоғамдастық өкілдері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, академиялық білімді практикалық тәжірибемен ұштастыруға және студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.
