TASHENEV UNIVERSITY БОЛАШАҚ ЖУРНАЛИСТЕРДІ ЖАҢА БАҒЫТТА ДАЯРЛАЙДЫ
background

TASHENEV UNIVERSITY БОЛАШАҚ ЖУРНАЛИСТЕРДІ ЖАҢА БАҒЫТТА ДАЯРЛАЙДЫ

Mediathek / News / TASHENEV UNIVERSITY БОЛАШАҚ ЖУРНАЛИСТЕРДІ ЖАҢА БАҒЫТТА ДАЯРЛАЙДЫ

TASHENEV UNIVERSITY БОЛАШАҚ ЖУРНАЛИСТЕРДІ ЖАҢА БАҒЫТТА ДАЯРЛАЙДЫ
Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университеттің 6B03202 – «Деректер журналистикасы және медиакоммуникация» жаңа білім беру бағдарламасы ресми реестрде мақұлданды.
Жаңа бағдарлама дәстүрлі журналистиканы заманауи цифрлық технологиялармен ұштастырып, деректерді жинау және талдау, ақпаратты визуализациялау, цифрлық медиакоммуникация, мультимедиалық контент әзірлеу, жаңа медиа платформалармен жұмыс істеу бағыттарын қамтиды.
Басты мақсат – ақпарат ағыны қарқынды дамып жатқан цифрлық қоғамда дерекпен сауатты жұмыс істей алатын, фактілерді талдап, оны аудиторияға заманауи форматта жеткізе білетін жаңа буын медиа мамандарын даярлау.
📌 6B03202 – «Деректер журналистикасы және медиакоммуникация» бағдарламасы бойынша алғашқы талапкерлерді қабылдау 2027 жылы басталады.
Бұл – Tashenev University-де еңбек нарығының жаңа талаптарына сай білім беру бағдарламаларын қалыптастыру және заманауи медиа саласына білікті мамандар даярлау бағытындағы кезекті маңызды қадам.