ОҚУ АҚЫСЫНА 100%-ҒА ДЕЙІН ЖЕҢІЛДІК!


2026–2027 оқу жылына талапкерлерге арналған арнайы әлеуметтік қолдау!
Tashenev University талапкерлерге арналған әлеуметтік қолдау бағдарламасы аясында оқу ақысына 100%-ға дейін жеңілдіктер ұсынады.

Жеңілдіктер келесі санаттарға қарастырылған:

I, II және III топтағы мүгедектігі бар талапкерлер;

Жартылай жетім талапкерлер;

Жетім талапкерлер;

Қазақстан Республикасының спорт шеберлері және жоғары спорттық жетістіктері бар талапкерлер.

Tashenev University Басқарма Төрағасы, ҚР ҰҒА академигі, п.ғ.д., профессор, Түркістан облысының құрметті азаматы Оңалбай Аяшев:
«Біздің басты міндетіміз – сапалы жоғары білімді әрбір талапкер үшін қолжетімді ету. Әлеуметтік қолдау бағдарламасы жастардың білім алуға деген ұмтылысын қолдап, олардың кәсіби болашағына сенімді қадам жасауына мүмкіндік береді. Білімге салынған инвестиция – елдің ертеңіне салынған инвестиция.»

Бакалавриат бағдарламалары бойынша оқу ақысы 450 000 теңгеден басталады.

Магистратура бағдарламаларының оқу ақысы – 700 000 теңге.

Нақты білім беру бағдарламасының оқу ақысы туралы толық ақпаратты қабылдау комиссиясынан немесе төмендегі байланыс телефоны арқылы біле аласыз.

+7 776 104 7070

Шымкент қ., Қонаев көшесі, 21

Білімге бір қадам жақын болыңыз!