21.04.2026ж., сағат 9-30, 417 дәріс аудиториясында «Экономика және басқару» кафедрасының э.ғ.к., аға оқытушысы С.М. Туралинаның «Персоналды басқару»
2026-04-21
21.04.2026ж., сағат 9-30, 417 дәріс аудиториясында «Экономика және басқару» кафедрасының э.ғ.к., аға оқытушысы С.М. Туралинаның «Персоналды басқару» пәнінен «Менеджерлерді материалдық ынталандыру жүйесіңің негізгі принциптері және олардың мазмұны» тақырыбы бойынша ашық дәріс сабағын өтті. Сабаққа «Экономика және басқару» кафедрасының аға оқытушысы Темирова Ж.Ж., Демесинова А.А., Абдурахманова З.А., «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы Садуақас А.Н. және басқа да кафедраның профессор-оқытушылар құрамы қатысты.
Тақырыпты ашу барысында білім алушылар менеджерлерді материалдық ынталандыру жүйесінің мәні, негізгі қағидаттары және олардың ұйым қызметіндегі рөлі бойынша сұрақтарға жауап берді. Сабақ барысында материалдық ынталандырудың экономикалық мазмұны, менеджерлердің еңбек нәтижелілігін арттырудағы маңызы, сыйақы беру жүйелері, еңбекақы төлеудің заманауи тәсілдері және мотивация құралдары қарастырылды.
Білім алушылар менеджерлерді материалдық ынталандырудың негізгі принциптерін, атап айтқанда әділдік, нәтижелілікке бағытталу, ынталандырудың икемділігі, ашықтық және еңбек нәтижесіне тәуелділік қағидаттарын талдады. Сонымен қатар ұйымдардағы материалдық ынталандыру жүйесінің тиімділігіне әсер ететін факторлар қарастырылып, нақты жағдайлар негізінде талдау жүргізілді.
Практикалық бөлімде білім алушылар ұсынылған жағдаяттарды талдап, менеджерлердің еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған ынталандыру жүйелерін әзірлеу бойынша тапсырмалар орындады. Өз ұсыныстарын негіздеп, олардың ұйым қызметінің тиімділігіне ықпалын бағалады.
Лектор мен білім алушылар арасындағы кері байланыс сұрақ-жауап, пікірталас және тәжірибелік тапсырмаларды талқылау арқылы жүзеге асырылды. Бұл білім алушылардың тақырыпты терең меңгеруіне, басқарушылық ойлау қабілетін дамытуға және кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіруге мүмкіндік берді.

