2026 жылдың 1 мамыр күні Шымкент қаласының туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасына қарасты «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығының ұйымдастыруымен «Жас флористер мен дизайнерлер байқауы» өтті.
Аталған шығармашылық додаға Ж.А. Тәшенев университетінің «Өнер және көркем еңбек» кафедрасының магистр, аға оқытушылары Калабаева Қызбала Райымбековна және Көбеева Нұргүл Мұхтарқызының жетекшілігімен 2 курс студенттері белсенді қатысты. Атап айтқанда, ПиК 24-1к2 тобынан Омарзақ Сауле, Акбералиева Ұлжан, Кадиркулова Чарос, Оразбай Ұлбосын және ПиК 24-1к3 тобынан Дүйсен Нұргүл өз өнерлерін ортаға салды
Байқау талаптарына сәйкес қатысушылар «Арбат» саябағында түрлі материалдарды пайдалана отырып, ерекше гүл шоқтары мен композициялар жасады. Қолмен жасалған шығармашылық жұмыстарды қазылар алқасы жоғары бағалап, үздіктерді анықтады.
Нәтижесінде, Акбералиева Ұлжан «Флористикадағы үздік жаңашылдық» номинациясымен, ал Омарзақ Сауле «Нәзік және үйлесімді композиция» номинациясымен марапатталды. Қалған барлық қатысушыларға Алғыс хаттар табысталды.
Студенттердің ғылыми жетекшілері – Калабаева Қызбала Райымбековна және Көбеева Нұргүл Мұхтарқызы.
Айта кету керек, «Жас флористер мен дизайнерлер байқауы» жоғары деңгейде ұйымдастырылып, жас таланттардың шығармашылық әлеуетін дамытуға үлкен мүмкіндік берді.
Жеңістеріңіз құтты болсын! 🎉


