“ЗАҢ МЕН ТӘРТІП”: СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ Жұмабек Ахметұлы Тәшенев университеті студенттері үшін “Заң мен тәртіп” тақырыбы аясында маңызды іс-шара ұйымдастырылды.
background

“ЗАҢ МЕН ТӘРТІП”: СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ Жұмабек Ахметұлы Тәшенев университеті студенттері үшін “Заң мен тәртіп” тақырыбы аясында маңызды іс-шара ұйымдастырылды.

2026-04-14

Mediathek / News / “ЗАҢ МЕН ТӘРТІП”: СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ Жұмабек Ахметұлы Тәшенев университеті студенттері үшін “Заң мен тәртіп” тақырыбы аясында маңызды іс-шара ұйымдастырылды.

“ЗАҢ МЕН ТӘРТІП”: СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ Жұмабек Ахметұлы Тәшенев университеті студенттері үшін “Заң мен тәртіп” тақырыбы аясында маңызды іс-шара ұйымдастырылды.

Кездесу барысында “Не книжные закладки” және “Хулиганка” қысқаметражды фильмдерінің көрсетілімі өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты — жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, есірткі қылмысының алдын алу және қоғамдағы тәртіп пен жауапкершілік мәселелеріне назар аударту. Кездесуге Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Карбеков Бауыржан Қанатұлы қатысып, студенттермен ашық диалог жүргізді.

Маман өз сөзінде жастарды заң талаптарын сақтауға, зиянды әдеттерден аулақ болуға және саналы өмір салтын ұстануға шақырды. Сондай-ақ нақты мысалдар келтіріп, есірткіге қатысты құқықбұзушылықтардың салдары туралы түсіндірді. Мұндай тағылымды кездесулер студенттердің құқықтық мәдениетін қалыптастырып, жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.