Mediathek /
News / «ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ МЕН ЖОБАЛАР КОНКУРСЫ»
2026 жылдың 1 наурызбен 30 наурыз аралығында «Экономика және менеджмент» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы, бакалавриат 6В04102 «Қаржы», магистратура 7М04101 «Экономика» білім беру бағдарламасы бойынша 1,2 курс студенттері - Рахымжанов Нұртаң, Абдихаим Диас Астана қаласындағы "Халықаралық даму орталығында «Халықаралық ғылыми-зерттеу жұмыстары мен жобалар конкурсына» қатысты, экономика бағыты бойынша, ғылыми жобаның тақырыбы: ««KÓRIM» этно-мотивтерді өндіру және сату»». Конкурсқа қатысқан үшін студенттеріміз ІІІ - дәрежелі диплом алды, ғылыми жетекшілер: магистр, аға оқытушы Манбетова Асел Сматиллаевна және Туралина Светлана Мерекеевна грамотамен марапатталды. Студенттердің конкурстарға, олимпиадаларға, конференцияларға қатысуы - ол өзін-өзі дамытуға және шығармашылық ізденіске серпін береді, онда ғылым мен танымға деген шынайы қызығушылық тудырады, студенттердің жалпы кәсіптік пәндерді оқу кезінде алған білімдері мен дағдыларын дамытады, бұл кәсіптік даярлыққа жоғары нәтиже беруі тиіс, сонымен қатар студенттердің жеке дамуының білім беру ортасы ғана емес, сонымен қатар оқытушылардың жеке және кәсіби өсуі. «Экономика және менеджмент» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы оқытушылар мен студенттерін шын жүректен құттықтаймыз!