ГРАНТМЕН ОҚЫҒАН ТҮЛЕКТЕР ҮШІН МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: МІНДЕТТІ ЖҰМЫС ӨТЕУ ТӘРТІБІ ТҮСІНДІРІЛДІ
background

ГРАНТМЕН ОҚЫҒАН ТҮЛЕКТЕР ҮШІН МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: МІНДЕТТІ ЖҰМЫС ӨТЕУ ТӘРТІБІ ТҮСІНДІРІЛДІ

2026-04-10

Mediathek / News / ГРАНТМЕН ОҚЫҒАН ТҮЛЕКТЕР ҮШІН МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: МІНДЕТТІ ЖҰМЫС ӨТЕУ ТӘРТІБІ ТҮСІНДІРІЛДІ

«Жұмабек Ахметұлы Тәшенев университеті» АҚ-да «Қаржы орталығы» АҚ өкілдерінің қатысуымен бітіруші курс студенттеріне арналған онлайн кездесу өтті. Іс-шараның басты мақсаты – грант негізінде білім алған түлектерге міндетті жұмыс өтеу тәртібін қарапайым әрі түсінікті түрде жеткізу.
Кездесу барысында студенттер жұмыс өтеу мерзімі, қай жерлерде жұмыс істеу қажеттігі, заңнамалық талаптар және белгілі бір жағдайларда бұл міндеттен босату мүмкіндіктері туралы нақты ақпарат алды. Сонымен қатар, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тікелей жауап алды.
Кездесуге бакалавриат пен магистратураның бітіруші курс студенттері белсенді қатысып, алдағы еңбек жолына қатысты маңызды мәліметтермен танысты.