ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКА БАРЫСЫ
background

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКА БАРЫСЫ

2026-02-25

Медиатека / Жаңалықтар / ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКА БАРЫСЫ

Ж.А. Тәшенев атындағы университетінің «Математика және физика» кафедрасының профессоры, ф.-м.ғ.к. Н.С. Иманбаев пен магистр, аға оқытушы Б.Д. Оразов №77 А.Аскаров атындағы мектеп-лицейінде  25.02.2026 ж. күні сағат 10:40 №207 аудиториясында 6В01501-Математика мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламасының 3-курс ЕП-23-12к3 оқу тобының білім алушылары Мафтуна Равшанбекова мен Маржона Рахманкулованың 9А сыныбында өткізген «Тригонометрия формулалары» атты ашық сабақтарына қатысып келді.

Педагогикалық  практиканың мақсаты – білім беру жүйесінде оқытудың оқу-тәрбие процесін жобалау мен жүзеге асыруға байланысты кәсіби педагогикалық құзыреттіліктерді қалыптастыру, білім алушылардың әлеуметтік және кәсіби бейімделуіне жағдай жасау, практикалық педагогикалық тәжірибені игерту.

Оқушыларға алдыңғы өтілген формулаларды қолданып бірнеше жаттығулар уақытты үнемдей отырып орындалды. Келтіру формулаларының қолданылуына, тригонометриялық функциялардың ширектердегі таңба сақтауы мен ауысуына практикант-студент Равшанбекова Мафтуна назар аудара отырып оңтайлы түсіндіре алды. Рахманкулова Маржона карточкаларды үлестіре отырып тексеру жұмысын жүргізді.

Педагогикалық практика білім алушыларға диагностикалық қызметті жүзеге асыруға, мектепке бейімделуге, коммуникативті мәдениетті қалыптастыруға, ұйымдастырушылық дағдыларды, педагогикалық қарым-қатынас тактикасы мен стратегиясын дамытуға мүмкіндік береді.

 

Ашық сабақ барысында білім беру мазмұны аясында оқу, тәрбие жұмысын ұйымдастыру; пән мұғалімі және сынып жетекшісі қызметін жүзеге асыру; заманауи ақпараттық ресурстар мен технологияларды пайдалана отырып дидактикалық материалдарды жасау; ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жасау; өзін-өзі тәрбиелеу, кәсіби-тұлғалық өзін-өзі дамыту және педагогикалық қабілеттерді (мәнерлеп сөйлеу, дидактикалық және т.б.), сонымен қатар мұғалім тұлғасының кәсіби маңызды қасиеттерін көрсетті.