"Мектепке дейінгі оқыту және психология" кафедрасы
background

“"Мектепке дейінгі оқыту және психология" кафедрасы”

Кафедрасы
Басты бет / Кафедралар / "Мектепке дейінгі оқыту және психология" кафедрасы
Біз туралы

2024-2025 оқу жылында «Бастауыш білім және өнер» факультеті  «Педагогикалық және жаратылыстану ғылымдары» факультеті деп өзгертіліп, «Педагогика және бастауышта оқыту әдістемесі» кафедрасы бөлініп, «Мектепке дейінгі оқыту және психология» кафедрасы ашылды. Кафедраның меңгерушілік қызметін ғылым магистрі, аға оқытушы Алимова Құндыз Шайыпқызы басқаруда. 
Кафедра ұжымы оқытылатын пәндер бойынша оқу-әдістемелік кешенді тереңінен қайта қарастырып, өзгерістер енгізу жөнінде зор мағыналы жұмыстар атқаруда.
Бүгінде кафедра оқытушылары «Психология», «Инклюзивті білім беру» атты пәндерді түбегейлі қайта қарастырып, қазіргі қоғамдағы маңызды инклюзиялық және психологиялық мәселелерге аса мән беріп жаңа өзгерістер енгізді. 
Кафедрада оқытушылардың біліктілігін Қазақстанның алдыңғы қатарлы оқу орындарында жетілдіру мәселесі ұйымдастырылған. Кафедраның жас оқытушылары Қазақстан Республикасы Ғылым және білім министрлігінің ұйымдастыруымен «Инклюзивті білім беру моделі» атты офлайн курстан білім алып, кәсіби біліктілігін арттырып отыр. 
Кафедрада 2024-2026 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға арналған конкурсқа кафедра PhD, доцент м.а. Оралбекова Алия Курбановна - «Инклюзивті білім беру жағдайында бастауыш сынып оқушыларына арналған «Әлемді тану» компьютерлік білім беру бағдарламасын әзірлеу» – атты ғылыми жобасын ұсынды. Өтінім беру Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі сайты арқылы Ғылым комитетіне электронды түрде «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесіне https://is.ncste.kz сілтеме арқылы жүзеге асырылып, сайтта АР22783568 госномермен тіркелді.
Кафедраның жетекші мамандары жас мамандардың педагогикалық және ғылыми-зерттеу салалары бойынша тәлімгерлері болып табылады. Тәжірибелі тәлімгерлер, лекторлар мен ғалымдардың жетекшілігі мен түрлі бағыттағы оқу-әдістемелік әдебиеттер шығарылады. Олар: мультимедиялық материалдар, практикалық, лекциялық әдістемелер және әртүрлі оқу құралдары.
Мамандығымыздың түлектері мектептерде, бала-бақшаларда және балаларға арналған түрлі білім беру мекемелерінде, коррекциялық-оңалту орталықтарында жұмыс жасай алады. Олар сондай-ақ университет пен мектеп, бала бақшасында оқыту саласында ғылыми және педагогикалық қызметпен айналыса алады, мектеп оқушыларына, мектепке дейінгі бала-бақшаларға, оңалту орталықтарына арналған оқулықтар мен әдістемелік құралдар әзірлей алады.
Бұл білім беру бағдарламаларының басқа білім беру бағдарламаларынан ерекшелігі білім алушылардың мектепке дейінгі білім беру үдерісімен және балалардың дамуымен, қоғамның қазіргі замандағы даму кезінде әрбір адам психологияның, педагогиканың теориялық негіздерін білуі, адамдармен жұмыс жасау дағдылары мен іскерліктерін игеру, психолого-педагогикалық диагностикалау мен коррекциялау жұмыстарын жүргізе білуі керектігіне байланысты мамандық. Себебі адамның әрбір іс-әрекеті тек қана адам өмірінің объектівтік жағдайларынан ғана емес, сонымен қатар олардың өмірдегі субъектівтік сәттерінен де заңдылықпен байланысты. Психолог тіршіліктің субъективті және объектівті жағдайларының өзара әрекеттестігінің шынайы ғылыми негіздерін көрсетеді, тұлға аралық қарым-қатынасқа әсер етеді.
Жаңа ғасыр білім беру саласында жаңа бағыттар ашады, сондықтанда әрбір ізденушіні біздің кафедрамыздың білім алу студенттерінің қатарында көруге әрқашанда қуаныштымыз.

photo
Кафедра меңгерушісі
"Мектепке дейінгі оқыту және психология" кафедрасы

Мектепке дейінгі оқыту және психология кафедрасының меңгерушісі, PhD докторанты

 

Телефон: +7 702 677 0787
Материалдық-техникалық базасы