«Өнер және көркем еңбек» кафедрасының PhD, қауымдастырылған профессоры У.Ж. Конакбаева «Оқушылардың бейіндік оқытуын ұйымдастыру» пәнінен ашық лекция сабағын өткізді.
Тақырыбы: «Бейіндік оқытуды ұйымдастырудың формалары, әдістері, технологиялары мен нормативті-құқықтық базасы»
ПиК-23-16к тобында өткізілген лекция сабағы болашақ көркем еңбек және сызу мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталды. Сабақ барысында PhD, қауымдастырылған профессоры У.Ж. Конакбаева интерактивті технологияларды қолдана отырып, мектеп тәжірибесінде қалыптасқан бейіндік оқытуды ұйымдастырудың мектепішілік, желілік, еркін формаларын талдады. Сонымен бірге бейіндік оқытудың инновациялық әдістерін сипаттай отырып, бейіндік оқыту технологиялары мен нормативті-құқықтық базасына тоқталды. Білім алушылардың уәждемесін арттыру, олардың танымдық белсенділігін дамыту және цифрлық құзыреттілікті қалыптастыру құралы ретіндегі маңыздылығын ашты.
Лекция сабағының мақсаттары нақты тұжырымдалған және білім алушылардың дамуына бағытталған: әдістемелік ойлау, білім беру процесін жобалау дағдылары, сандық құралдарды, соның ішінде жасанды интеллект элементтері бар қызметтерді сыни тұрғыдан бағалау мүмкіндігі, педагогикалық шешімдерді дәлелді негіздеу қабілеті. Сабақ аралас сипатқа ие болды және логикалық құрылымымен ерекшеленді: мотивациялық кезең, білімді өзектендіру, жаңа материалды зерттеу, практикалық іс-әрекет және рефлексия.
Сабақ жоғары ғылыми-әдістемелік және педагогикалық деңгейде өткізілді. Ол болашақ мұғалімдерді даярлаудағы құзыреттілікке, тәжірибеге және құндылыққа бағытталған тәсілдерге сәйкес келеді. Өтілген лекция сабагы дәстүрлі және инновациялық оқыту әдістерінің тиімді үйлесімін, цифрлық технологиялардың табысты интеграциясын және білім алушылардың заманауи білім беру ортасында сұранысқа ие кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыруды көрсетеді.
