Заманауи әдістер және іскерлік этикет: Ташенев университетінде ашық сабақ өтті
2026-03-26
2026 жылдың 26 наурызында Ташенев университетінің «Орыс және өзбек тілдері» кафедрасының магистрі, оқытушы А.А. Алмуратованың ұйымдастыруымен ЕП-12, 13, 14 топтарының студенттеріне арналған «Переговоры по телефону» тақырыбында ашық практикалық сабақ өтті.
«Орыс тілі» пәні аясында ұйымдастырылған бұл сабақтың басты мақсаты — болашақ мамандарға ресми және іскерлік телефон арқылы сөйлесу мәдениетін қалыптастыру, кәсіби тілдік орамдар мен этикет ережелерін терең меңгерту болды.
Сабақтың барысы мен ерекшеліктері
Гагарина корпусының заманауи жабдықталған №105Б аудиториясында өткен сабақ барысында жаңа интерактивті әдістер кеңінен қолданылды. Студенттер тек теориялық білім алып қана қоймай, арнайы жағдаяттық тапсырмаларды орындап, «клиент-менеджер» рөлдік ойындары арқылы нақты өмірлік жағдайларда іскерлік келіссөздер жүргізу дағдыларын іс жүзінде шыңдады. Студенттер жоғары белсенділік танытып, қойылған мақсаттар толық орындалды.
Әріптестер мен басшылықтың пікірі
Ашық сабаққа қатысқан кафедра оқытушылары мен университет басшылығы сабақтың өту деңгейіне жоғары баға берді:
· Ш.Н. Ергешбаева (Кафедра меңгерушісі):
«А.А. Алмуратованың ашық сабағы жоғары әдістемелік деңгейде өтті. Таңдалған тақырып студенттердің болашақ кәсіби біліктілігі үшін өте өзекті. Оқытушы аудиторияны өзіне баурап ала білді және уақытты тиімді бөлді.»
· Ж.Н. Ботабаева (Институт директоры):
«Сабақ барысында аудиторияның техникалық мүмкіндіктері мен көрнекі құралдар өте орынды пайдаланылды. Студенттердің іскерлік орыс тілінде сөйлеу дағдылары жақсы деңгейде қалыптасқан. Кері байланыс сәтті орнатылды. Сабақты «өте жақсы» деп бағалаймын.»
· А.Т. Кемел (Оқытушы):
«Әріптесіміздің сабақ өту мәнері мен қолданған жағдаяттық сұрақтары бізге әдістемелік тұрғыдан үлгі болды. Студенттер де рөлдік тапсырмаларды үлкен қызығушылықпен орындап, тақырыпты жақсы меңгергенін көрсетті.»
Кафедра оқытушысы А.А. Алмуратоваға алдағы педагогикалық қызметінде шығармашылық табыс, ал білім алушы жастарға кәсіби шыңдарды бағындыруды тілейміз!
