Ғылыми және әдістемелік семинарлар: «Биотехнологиялық тәсілдер: климаттық стресс пен өнімділікті жақсарту»
2025-12-12
2025 жылғы 12 желтоқсанда «Химия және биология» кафедрасында «Биотехнологиялық тәсілдер: климаттық стресс пен өнімділікті жақсарту» тақырыбында ғылыми семинар өткізілді. Баяндаманы кафедраның аға оқытушысы Б.Б. Әсілбекова ұсынды.
Семинар барысында жоғары оқу орындарының биология, агрономия және биотехнология мамандықтары студенттеріне аталған тақырыпты оқытудың тиімді педагогикалық әдістемесі таныстырылды. Баяндамада биотехнологиялық тәсілдердің климаттық стресс жағдайында өсімдіктердің төзімділігін арттырудағы рөлі, өнімділікті жақсарту мүмкіндіктері және тақырыпты модульдік құрылым негізінде оқытудың ерекшеліктері жан-жақты қарастырылды.
Іс-шара белсенді пікір алмасу форматында өтті. Қатысушылар климаттық стресс факторларының әсері, биотехнологиялық әдістердің практикалық қолданылуы және студенттердің зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыру жолдары бойынша сұрақтар қойып, тиісті жауаптар алды.
Семинар қорытындысында ұсынылған педагогикалық әдістеменің білім беру үдерісіндегі маңыздылығы мен тиімділігі жоғары бағаланып, оны оқу бағдарламаларына енгізу мүмкіндіктері талқыланды.

