Әуезді ән, жас таланттар: Тәшеневке арналған ерекше байқау

«Ән – халықтың жүрегі, жыр – халықтың тілі» – осындай шабытты сөздерді дәлелдеген жас өнерпаздар 25 ақпан күні Ж.А.Тәшенев атындағы университетте бас қосты. «ЖҰМАБЕК АХМЕТҰЛЫ ТӘШЕНЕВТЫҢ – 110 жылдығына» арналған «Әуеле, әуен» байқауы дарынды жастардың жұлдызын жағуға мүмкіндік сыйлады.
«Тәшенев тартуы» – үздік орындаушыларға

Кәсіптік бағдарлау білікті маман болуға жол ашады

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың 2021 жылы 1 қыр¬күйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар-ел өркендеуінің берік негізі» атты ел халқына жолдауында  «Балаларды ерте жастан ма¬мандыққа бейімдеу айрықша ма¬ңызды және өскелең ұрпақ өзінің болашақ кәсібін саналы түр¬де таңдай білуге тиіс» екендігін атап көрсеткен. Бүгінгі таңда мектептерде кәсіптік бағдар беру ережелері дайындалып, жұмыс кабинеттері жұмыс(өз міндеттерін) атқарып келеді.

Студенттер үшін жаңа мүмкіндіктер

Бүгін университет ректоры Жұмабек Ташенов пен JOO ANALYTICS жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аймақтық директоры Жасұлан Уразбаев өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл келісім студенттер үшін білім алу, ғылыми зерттеулер жүргізу және кәсіби даму жолында жаңа мүмкіндіктер ашады.
Бұл серіктестік не береді?
5 білім гранты – байқау жеңімпаздарына
Бірлескен жобалар мен зерттеулер
Оқу үдерісіне цифрлық шешімдерді енгізу

«Әуеле,әуен» атты конкурс өткізілді

25.02.2025 күні сағат 10-30 да «Ж.А.Тәшенев атындағы университеті»АҚ «Кәсіптік білім және өнер» факультеті, «Саз және ән» кафедрасының «ЖҰМАБЕК АХМЕТҰЛЫ ТӘШЕНЕВТЫҢ -110»  жылдығына  орай  11-сынып оқушыларының арасында дарынды жастарды анықтау, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік жасау мен болашақта кәсіби өсуіне қолдау көрсету және кәсіби бағыт-бағдар беру жұмыстарын жүргізу мақсатында  ұйымдастырылған «Әуеле,әуен» атты конкурс өткізілді.Конкурсты «Әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор» Битұрсын  Ғалымжан  Шәмшідінұлы ашыпүміткерлерге

КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ФОРУМЫНДА БОЛАШАҚ МАМАНДАР БАС ҚОСТЫ

22 ақпан 2025 жылы «Көрме» орталығында BraveStudy компаниясының ұйымдастыруымен еліміздің жетекші жоғары оқу орындары қатысқан ауқымды кәсіби бағдар беру іс-шарасы өтті. Форумға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 100-ден астам университет өкілдері жиналып, студенттер мен мектеп түлектеріне өз оқу бағдарламалары мен мүмкіндіктері туралы ақпарат ұсынды. Қатысушылар еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтармен танысып, болашақ мансаптарына дұрыс бағыт-бағдар алу мүмкіндігіне ие болды.

Педагогикалық практика

Шымкент қаласы білім басқармасының А.Байтұрсынов атындағы 50 мектеп-гимназиясында “Математика және информатика” кафедрасы 6В01503-Информатика мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламасының ЕП-22-13к тобы білім алушылары 27.01.2025-21.02.2025ж. аралығында педагогикалық практикадан өтті. Практика жетекшісі магистр, аға оқытушы Катбаева Майра Турганбаевна бекітілді. 3 курс ЕП-22-13 к тобының білім алушысы Нематов Зикрилланың  10 Д сыныбындағы “Startup түсінігі”тақырыбындағы ашық сабағы жоғары деңгейде өтілді.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АНА ТІЛІ КҮНІ

ЖҰМАБЕК ТӘШЕНЕВ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АНА ТІЛІ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ 
Құрметті әріптестер, студенттер және достар!
Сіздерді Халықаралық ана тілі күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ана тіліміз – халқымыздың жаны мен рухы, ұрпақтар сабақтастығының алтын арқауы. Әрбір тіл – бір халықтың мәдениеті мен болмысының көрінісі, ал оны сақтау – баршамыздың қасиетті борышымыз.

Мамандық таңдау – адам өміріндегі маңызды қадам

Мектеп және университет: мамандық таңдау – адам өміріндегі маңызды қадам

2025 жылдың 21 ақпан күні Жетісай ауданы Білім бөліміне қарасты №10 «Қайнар»  мектеп-гимназиясының бітіруші сынып оқушыларының арасында  кәсіби бағдар беру мақсатында «Мамандық таңдау – маңызды қадам» атты   сырлы сұхбат, әдеби кеш  және «ХХІ ғасыр және Абай ілімі» деген тақырыпта ашық лекция өтті.

Оқиға категориялары