«ҰЛТТЫҚ КИІМ – ҰЛТ АЙНАСЫ»

Жұмабек Тәшенев атындағы университет Қазақстандағы жоғары оқу орындары арасында ұлттық киімді дәріптеу, насихаттау мақсатында басталған «Ұлттық киім – ұлт айнасы» атты челленджді қолдайды!
Ұлттық киім – тек сән үлгісі ғана емес, халқымыздың бай тарихын, рухани мұрасын, дүниетанымын айшықтайтын мәдени код. Қазақтың зерлі шапаны, оюлы камзолы, қос етек көйлегі – ата-бабамыздың өмір салты мен ұлттық болмысынан сыр шертетін құндылықтар. Ұлттық киімді дәріптеу – ұлттың рухын көтеру, дәстүрді жаңғырту, ұлттық сана-сезімді нығайту деген сөз.

«Алғыс айту – парызым!»

Жұмабек Тәшенев атындағы университетінде «Ж.А.Тәшеневтің 110 жылдығына» арнап «1 наурыз – Алғыс айту күніне» орай 27 ақпан күні “Мектепке дейінгі оқыту және психология” кафедрасының ұйымдастыруымен «Алғыс айту – парызым» атты мерекелік іс-шара өткізілді.
«Алғыс айту – парызым» атты мерекелік іс-шараның мақсаты – студенттерге алғыс айту мәдениетін қалыптастыру, олардың өз өміріндегі маңызды адамдар мен жағдайларға деген құрметін арттыру, сондай-ақ қоғамдағы әлеуметтік байланыстарды нығайту және мейірімділік, адамгершілік құндылықтарын насихаттау. 

1 НАУРЫЗ – АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ: БІРЛІК ПЕН РИЗАШЛЫҚ МЕРЕКЕСІ

Ж.А.Ташенев атындағы университетінде 1 наурыз – Алғыс айту күніне арналған мерекелік шара өтті. Бұл күн – Қазақстан халқы үшін ерекше мәнге ие, өйткені ол татулық пен өзара құрметтің, тарихымызға деген тағзымның белгісі.

Университет қызметкерлері мен студенттері Шымкентті көгалдандыруға үлес қосты

Бүгін Ж.А. Тәшенев атындағы университетінің қызметкерлері мен студенттері оқу орны аумағында шынара ағаштарын отырғызды. Бұл шара «Таза Қазақстан» мемлекеттік бастамасын қолдау және экологиялық сананы қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.

"ЗАҢДЫ БІЛУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ" ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

ЖҰМАБЕК ТӘШЕНЕВ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТТЕ "ЗАҢДЫ БІЛУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ" ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
Бүгін Жұмабек Тәшенев атындағы университетте "Заңды білу – заман талабы" тақырыбында өткен дөңгелек үстелде студенттер мен сарапшылар құқықтық сауаттылық пен заңдылықты қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін талқылады. Іс-шараға құқық қорғау органдарының өкілдері, білім беру мекемелерінің басшылары және жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

Кәсіби бағдар – табысты болашақтың кепілі!

«Педагогикалық және жаратылыстану ғылымдары факультеті»,  «Мектепке дейінгі оқыту және психология кафедрасының» оқытушылары кәсіби бағдар беру жұмыстары аясында 26.02.2025ж күні №29 А.Молдағұлова мектебінің бітіруші түлектеріне университет мамандықтарын түсіндіру бойынша жұмыстарын жүргізді. 

PhD ДӘРЕЖЕСІН АЛУМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Экономика және құқық факультеті, Тарих және география кафедрасының аға оқытушысы Кашкинбаева Асем Тастемирова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде 6D050200 – Саясаттану мамандығы бойынша "Қазіргі кездегі этносаралық қатынастарды нығайту тетіктері: Түркістан облысы мысалында" тақырыбындағы докторлық диссертациясын сәтті қорғап, PhD дәрежесін иеленді! 
Бүгін университетіміздің ғылыми кеңесінде ректор Қанат Байболов Асем Тастемировнаға салтанатты түрде PhD дипломын табыстады.

Әуезді ән, жас таланттар: Тәшеневке арналған ерекше байқау

«Ән – халықтың жүрегі, жыр – халықтың тілі» – осындай шабытты сөздерді дәлелдеген жас өнерпаздар 25 ақпан күні Ж.А.Тәшенев атындағы университетте бас қосты. «ЖҰМАБЕК АХМЕТҰЛЫ ТӘШЕНЕВТЫҢ – 110 жылдығына» арналған «Әуеле, әуен» байқауы дарынды жастардың жұлдызын жағуға мүмкіндік сыйлады.
«Тәшенев тартуы» – үздік орындаушыларға

Кәсіптік бағдарлау білікті маман болуға жол ашады

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың 2021 жылы 1 қыр¬күйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар-ел өркендеуінің берік негізі» атты ел халқына жолдауында  «Балаларды ерте жастан ма¬мандыққа бейімдеу айрықша ма¬ңызды және өскелең ұрпақ өзінің болашақ кәсібін саналы түр¬де таңдай білуге тиіс» екендігін атап көрсеткен. Бүгінгі таңда мектептерде кәсіптік бағдар беру ережелері дайындалып, жұмыс кабинеттері жұмыс(өз міндеттерін) атқарып келеді.

Оқиға категориялары