Оқытушылар мен білім алушылардың назарына!

«Сырдария» университетінде кадрларды даярлаудың барлық бағыттары бойынша 1-4-курс білім алушылары және магистранттар үшін жаңа оқу жылы 2021 жылдың 6 қыркүйегінен бастап аралас форматта өтеді: дәрістер – онлайн, санитарлық режим мен әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, қолданбалы сипаттағы семинар, практикалық және зертханалық сабақтар – дәстүрлі. 
Бұл ретте, ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттер оқуды қашықтықтан оқыту форматында жалғастырады.

Ұлттық рейтингінде 13-ші орыны

«Сырдария» университеті Қазақстанның үздік көпсалалы ЖОО 2021 жылғы Ұлттық рейтингінде 13-ші орынға ие болды.

Дереккөз: БІЛІМ САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ БОЙЫНША ТӘУЕЛСІЗ АГЕНТТІГI - РЕЙТИНГ

Cілтеме: https://iqaa-ranking.kz/item/13833


Қазақстанның үздік көпсалалы университеттерінің ұлттық рейтингі - 2021
Тәуелсіздік. Кәсіби шеберлік. Объективтілік

 

Білім гранттарын тағайындауға өтініш беру

? Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының шекті (өту) балдары

 

Бейне нұсқаулық 
Білім гранттарын тағайындауға өтініш беру, сондай-ақ жоғары оқу орындарындағы студенттерге әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі нұсқаулық

https://youtu.be/4x9w9qfFjpA

 

СӘТ САПАР, "СЫРДАРИЯНЫҢ" СТУДЕНТТЕРІ!

Бүгін - «Сырдария» университетінде Ақ тілектер ақтарылған күн. 
Университетте бітіруші түлектерге арналған салтанатты диплом тапсыру рәсімі өтті. «Филология және гуманитарлық білім» факультетінде өткен диплом тапсыру рәсімін Ректор Серік Мамраимов ашып, жас мамандарға сәт сапар тіледі. Қамқоршы болып келген ата-аналарға ыстық ықыласын жеткізді. 
Құрметті «Сырдария» университетінің түлектері! Туған өлкенің кадрлық әлеуеті қатарын толықтыруларыңмен құттықтаймын!

Диплом алу — әрбір жастың алаулаған арманы

Оқуға түсіп, қолдарына диплом алу — әрбір жастың алаулаған арманы, үкілеген үміті. Қазіргі таңда «Сырдария» университетінің «Дизайн және өнер» факультетін бітіруші түлектер дәл осындай шаттыққа кенелуде.
Игілікті шараға факультет ұстаздары, профессор-оқытушылар құрамы, ата-аналар қатысты. Қалай десек те, бұл күн биылғы университет бітіріп, үлкен өмірге қанат қаққан түлектердің есінде ұзақ сақталмақ.

Талапкерлер үшін консультациялар тікелей эфирде өткізіледі

Құрметті талапкерлер!!!
«Сырдария» университеті грант конкурсына онлайн режимде өтініш беру бойынша ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ талапкерлерге түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

 

Call-орталығы: 8 (72534) 6-27-85, +7 (702) 502-44-52
Виртуалды кеңес беру уақыты: 9:00 ден 18:00 дейін

 

Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініштерді тапсыру мерзімі 30 шілдеге (қоса есептегенде) дейін ұзартылды.

Оқуға қабылдану барысында керекті мәліметтердің тізбесі

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидасы 2021-2022 оқу жылына арналған

Атауы

Өткізу мерзімі

Авторлық куәлік иегері атанды!

Құттықтаймыз!
«Отан және шетел тарихы» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент С.Н. Апашеваға «Алғашқы қоғам тарихы» атты электронды оқулығына авторлық құқықпен қорғалатын обьектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне енгізіліп, Авторлық куәлік табысталды.

"Сырдария" университеті халықаралық институционалдық және бағдарламалық аккредитациядан өтуде

Маусым айының 14-16 шы жұлдызы аралығы «Сырдария» университеті Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігінен (IQAA) халықаралық институционалдық аккредитациядан өтуде.

Түркі тектес халықтарға ортақ халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті

2021 жыл 9 маусым күні сағат 11:00-де ZOOM арқылы online формата Әжінияз атындағы Нөқіс мемлекеттік педагогикалық институты, «Қазақ тілі және әдебиеті» кафедрасы «Қазіргі қазақ тілі мен әдебиеті: мәселелер мен шешу жолдары» тақырыбында online форматта халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізді. Конференцияға алыс, жақын шетелден келген (Түркия, Қазақстан, Өзбекстан) түркі тектес ғалымдар, магистранттар, студенттер қатысты. 

Оқиға категориялары