Өрт қауіпсіздігі кезіндегі төтенше жағдай деп басталу керек

2021 жылдың 28 қазаны күні университет басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлер мен білім алушылар оқу ғимаратындағы терроризмге қарсы және өрт сөндіру кезінде эвакуациялау бойынша оқу-жаттығуларын сәтті өткізді.

Оқу-жаттығулардың негізгі мақсаты - терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша қолданыстағы шаралар жүйесінің тиімділігін тексеру,
университет пен жергілікті өрт қауіпсіздігі органдары арасындағы өзара іс-қимыл жоспарын әзірлеу.
 

Университет сыртқы аудиттен өтті

2021 жылдың 26-28 қазан күні IQNet Халықаралық сертификаттар жүйесінің партнері – Түркия стандарттар институты аудиторлары Хидает Шахин және Расим Йылмаз «Сырдария» университетінде ТS-EN-ISO 9001:2015 стандарттарына сай сыртқы бақылау аудитін өткізді.
Аудит мақсаты – қолданыстағы сапа менеджменті жүйесінің Халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестігін бақылау және университет құрылымдарында процеске негізделген басқару түсінігін қалыптастыру.

Жыр мүшайрасы болып өтті

Жетісай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен, 2021 жылдың 29 қазаны күні «Жетісай» қаласының «Абай гүлзарында» Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, «Жастар тәуелсіздікті жырлайды» атты жыр мүшайрасы болып өтті. 

ӘКІММЕН ЖҮЗДЕСУ

Жетісай ауданының әкімі Қадырбек Мұрат Болатұлы "Сырдария" университетінің сәулет өнерімен қатар, профессор-оқытушылар және студент жастарымен кездесті.

Кездесу барысында Мұрат Болатұлы оқу ордамыздың барлық орталық бөлімшелерімен таныс болды.
"KINOALEM" кинотеатры, инновациялық ғылыми-зерттеу, өндірістік іс-тәжірибе және қашықтықтан оқыту орталығы, виртуалды кітапхана, мұражай, көрме залы, COWORKING орталығы, спортзал, роботехника кабинеті, студенттер үйі, «Сырдария» мектеп-лицейі, өнер ғимаратымен таныстырылды.

"Fashion style"

Өнер адамды асқақ сезімге бөлеп, жан дүниесін нұрландыра түсетін құдірет. Ол өмірді кемелдендіріп, ізгілік шуағын таратады.
Өнер арқылы адам өзінің өмірге деген ерекше құштарлығын, сүйіспеншілігін білдіреді және өзге адамдардың да өмірге деген көзқарасына ықпал етеді.
Киімді әркім өз бетінше таңдайды, таңдау барысында адам жеке талғамы мен сән ағымына сүйенеді. Жақсы киіне білу де өнер. 
Сән – әлеуметтік, экономикалық құбылыс. Адам қоғамының дамуына байланысты адам киімі де түбірімен өзгеріп отырады. 

"KINOALEM" ашылды

Сырдария университетінде «KINOALEM» атты кинотеатрының ашылуы болып өтті.

Ашылу салтанатының қадірлі қонағы ретінде «Nur Otan» партиясы Жетісай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әділхан Асоуов, «Жаңа Жетісай» газетінің бас редакторы Алтынбек Тастанбеков, «Cанұр TV» телеарнасы директоры Гүлмира Саржанова қатысты.

Кинотеатрдың ашылу мақсаты - жастардың, аудан, қала тұрғындарының мәдени демалысын ұйымдастыру.

Guest speaker: Marat Sarsenbaev

Оқу ордамыздың жастары «Сырдария» жайдарман командасының капитаны, университетіміздің түлегі Марат Сәрсенбаевпен кездесті.

Кездесу барысында Марат Сәрсенбаев жайдарманның жақсы жақтарына тоқталып, басынан өткен қызық оқиғаларынан қысқаша үзінділер келтірді.

Әзіл әлемінде өзіндік орны бар жайдарманшы, Сырдария университетінің түлегі болғанын және де осы деңгейге жетуіне университеттің бірден бір әсері тигендігінде тыс қалдырмады.

Құттықтаймыз!

Екінші дәрежелі диплом 2021 жылы 22 қазанда Оңтүстікте өткен «Ресей аймақтары қазіргі әлеуметтік-мәдени кеңістіктегі даму орталығы ретінде» 7-ші Бүкілресейлік ғылыми-практикалық конференцияға белсенді қатысқаны үшін Сапарбаева Улданай Алибекқызына беріледі. Оңтүстік Батыс мемлекеттік университеті, Курск, Ресей. «Қазақ халқының өмір жүйесінде қолданбалы өнерді оқытудың тарихи тамырлары» мақаласы.

Университетімізде Қонақ дәрісі ұйымдастырылды

«Сырдария» университетінде «Филология және гуманитарлық білім» факультетінің ұйымдастыруымен университеттің Виртуалды кітапханасында онлайн форматта «Болашақ» бағдарламасының түлегі, филология ғылымдарының кандидаты Оспан Еділбай Төлеубайұлы студенттеріміз бен магистранттарымызға «Ғылыми жұмыстың тақырыбын таңдау» атты тақырыпта дәріс оқыды. 

Оқиға категориялары