"Дарын" мектебіндегі жетістіктер

 «Жаратылыстану ғылымдары” кафедрасының доценті, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Дошманов Ескендір Қиятұлы “2020-2021 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық ғылыми жобалар” олимпиадасының кезеңіне белсенді оқушы дайындап, мектептің даңқын асырып, биік жетістіктерге жеткізер ғылыми жобалар жүлдегерлері мен қабілетті ұлан шыңдағаны үшін Түркістан облысының әлеуетті дамыту басқармасының Жетісай ауданының мамандандырылған «Дарын мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі атынан АЛҒЫС ХАТПЕН марапатталды.

Қазақстанның аймақтық музыкалық дәстүрлерін зерттеуге қосқан үлесі үшін

Қазақстан жоғары оқу орындары арасында  өткізілген Республикалық студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсында Sirdariya University «Дизайн және өнер» факультеті, «Өнер» кафедрасының 5В010600 – «Музыкалық білім» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Мамадияр Мұстафаәли СҒЗЖ-2021 конкурстық комиссия шешімімен «Өнер» бағыты бойынша «Бөрі Исаның шығармашылық-ұстаздық тағлымы» тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жұмысы негізінде «Қазақстанның аймақтық музыкалық дәстүрлерін зерттеуге қосқан үлесі үшін» Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының арнайы дипло

«Жаңа гуманитарлық білім қазақ тілінде 100 жаңа оқулық-жаңғырудың тетігі»

«Сырдария» университетінің «Жаратылыстану» факультетінің кітапхана бөлімінде «Жана гуманитарлық білім қазақ тілінде 100 жаңа оқулық – жаңғырудың тетігі» жобада кітап қоры жинақталған.
Кітапхана бөлімінде Химия мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламасының 1-курс студенттер арасында 31.05.2021 жүлдызында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы Елбасының 2017 жылғы 12 сәуірде жарық көрген мақаласы талқыланды.

Қазақстанның үздік көпсалалы университеттерінің ұлттық рейтингі - 2021

Қазақстанның үздік көпсалалы университеттерінің ұлттық рейтингі - 2021
Тәуелсіздік. Кәсіби шеберлік. Объективтілік

Cілтеме: https://iqaa-ranking.kz/item/13833

Академиялық ұтқырлық бойынша практикалық сабақтар

«Сырдария» университетінің «Педагогика және психология» кафедрасының меңгерушісі психология ғылымдарының кандидаты, доцент Орманова Зауре Курбанбайқызы академиялық ұтқырлық аясында «С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің» «Коммуникативтік дағдылар» кафедрасының магистранттарына арналған "Жоғары мектеп педагогикасы" пәні бойынша 2021 жылдың «25» наурызы мен 2021 жылдың «07» сәуірі аралығында дәріс пен практикалық сабақтар өткізді.

Академиялық ұтқырлық – қоғам талабы

Қазақстан жоғары оқу орындары арасында білім беру сапасын арттырудың маңызды формаларының бірі академиялық ұтқырлық болып табылады. Әлемге танылған жоғары оқу орындарымен академиялық ұтқырлық негізінде серіктес болу – қоғам талап етіп отырған басты мақсаттардың бірі.

31 мамыр – саяси қуғын–сүргін және аштық құрбандарын еске алу күні

Ел тарихындағы осынау бір зобалаң жылдар таңбасымен қалған ашаршылыққа 89 жыл, қуғын-сүргіннің етек алғанына 84 жыл толды.

Осыған орай «Сырдария» университеті мен Жетісай аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен ұйымдастыруымен ауқымды шара болып өтті. Қатысушылар бір минуттық үнсіздікпен басталған шарада тарих саласының мамандары ел басына қара бұлт боп төнген сол бір қайғылы жылдардың ауыр зардаптары туралы кеңінен баяндады. Арнайы бейнефильмдер көрсетіліп, тағылымдық әңгімелер айтылды.

200 жаңа электронды басылым

Оқу жылының басынан бастап «Сырдария» университетінің электронды кітапханасының қоры 200 жаңа электронды басылыммен толықты. Осы уақыт ішінде ақпараттық технологиялар бөлімінің қызметкерлері оқытушылармен бірге 29 жаңа электронды интерактивті оқулық (ЭО) жасап шығарды, және студенттердың оқу процесінде сұранысқа ие 155 кітап сканерленді. ЭО авторлары зияткерлік меншік комитетінен авторлық куәлік алады (https://sirdariya.kz/kk/kuttyktaular/12-03-2021).

Оқиға категориялары