"Сырдария" университетінің мұражайы туристік маршрут аясында!

Университет мұражайы – жастарға терең тәлім-тәрбие, өткеннен өшпес-өнеге, болашаққа берік бағдар беретін таптырмас құндылықтармен толыққан құтты мекен. Аталған құндылықтарды халық жадына жайластыру үшін тоқтаусыз еңбек етіп, тарихы терең өлкеміздің өткенін мүлтіксіз баяндаумен келеміз. Осы мақсат жолында мұражайымыздың жұмысын 2016 жылы Түркістан облысының туристік маршуртына енуі жандандыра түсті. Нәтижесінде мұражайымыздың танымдық аясы кеңейіп, отандық және шетелдік саяхатшылардың ел тарихын тереңнен танып, көңіл сарайы кеңінен ашылуына мол үлес қосты.

Халықаралық ынтымақтастық ЖОО-ның даму ресурсы ретінде

Халықаралық ынтымақтастық - әлемдік деңгейдегі жоғары оқу орнының мәртебесіне қол жеткізудегі және оны белгілеудегі басты элемент. Бүгінгі таңда бүкіл әлемде халықаралық байланыс мәселелеріне мемлекет тарапынан да ерекше көңіл бөлінуде. 2019 жылғы желтоқсанда Білім беруді және Ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды, онда жоғары оқу орындарын интернационалдандыру және Дүниежүзілік рейтингтерде ұсыну жоғары білім беру тиімділігінің негізгі көрсеткіштері ретінде белгіленген.

"СЫРДАРИЯ" ұжымы түлектерді құттықтады

Міне, тагы бір оку жылы аяқталып, соңгы қоңырау үні де сыңгырлады. Соңғы қоңырау үнінің өзіндік сиқыры бар. Бұл - балалық балдәуреннің бір белесі. Енді аз күннен соң емтихан науқаны аяқталып, мұгалімдер мен оқушылардың асыга күткен жазгы демалысы да басталады. Қолың жетсе, жазгы лагерьде жаңа достар тапсаң да, ауылда ана-әжеңнің жанына барып асыр салсаң да, алысқа ұзамай ата-анаңа қолғабыс етсең де айрықша қуаныш. Олардың арманы биік, көңілі алаң.

ТУҒАН КҮНГЕ ТАРТУ

27 мамыр - әйгілі түрколог, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор Мырзатай Жолдасбековтың туған күні.

Осыған орай ҚР Ұлттық академиялық кітапхана ұжымының ұйымдастыруымен «Тәуелсіз елдің заңғар тұлғасы» атты мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, филология ғылымдарының докторы, профессор Мырзатай Жолдасбековпен онлайн кездесу өтті.

Талапкерлер назарына: оқу орнын таңдауды соңғы сәтке қалдырмаңыз!!!

Мектепті бітіргеннен кейін кешегі мектеп түлегі – «қайда барып оқу керек» деген маңызды шешім қабылдауы керек. Мұндай шешім мен таңдау ең алдымен әрбір талапкердің өзіндік ұмтылысы мен жеке басының дара қасиеттеріне, алдына қойған мақсат-мұраттарына тікелей байланысты болатыны белгілі.
Жоғары білім алу – мектепті енді бітірген әрбір жеткіншек үшін оның өмірін елеулі сипатта өзгертетін, саналы әрі жауапты қадам. Сондықтан да жоғары білім алу мақсатында жоғары оқу орынын таңдау туралы шешім әрбір талапкердің жеке таңдауы болуы тиіс. 

Республикалық байқаудың жеңімпазы

2021 жылғы Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттерінің үздік ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған Республикалық конкурстың қорытындылары бойынша «Сән дизайны» білім беру бағдарламасы бойынша 3-ші орын алған үшін Ерсалы Алшагүл Нұрлыбайқызы ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталады.

Ғылыми жетекшісі – Сындарова Ж.А.

Абдуразова Перизат Әділбекқызын құттықтаймыз

«Ғылыми атақ беру туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2021 жылғы 21 мамырдағы No440 бұйрығына сәйкес Абдуразова Перизат Адилбекқызы 02.00.00 - Химия мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) атағын алды.

"Үздік оқытушы" төсбелгісінің иегері

Sirdariya University «Дизайн және өнер» факультетінің «Өнер» кафедрасы 5В010600 – «Музыкалық білім» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Мамадияр Мұстафаәли 2021 жылдың 25 мамыр күні бүлдіршіндер, оқушылар мен жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған Республикалық «Ерлігі елге мұра» шығармашылық байқауына үздік шәкірт дайындағаны үшін «Атадан – мұра» қоғамдық қорының «Үздік оқытушы» төсбелгісімен және алғыс дипломымен марапатталды.

Студенттер мен түлектер арасында сауалнама жүргізу

Құрметті «Сырдария» университетінің студенттері мен түлектері!

Институционалдық рейтинг шеңберінде ЖОО-ның академиялық деректерін талдаумен қатар, Білім беру сапасын қамтамасыз етудің тәуелсіз агенттігі жыл сайын жұмыс берушілер, сарапшылар, студенттер мен түлектер арасында университеттердің бедел рейтингін жүргізеді.
 
Осыған байланысты сізден тиісті сілтеме бойынша онлайн-сауалнамаға қатысуды сұраймыз:

- егер сіз студент болсаңыз - https://ru.research.net/r/YW953LV

Қоғамдық іс-әрекеттегі сәттілік

«Құқықтану және экономика» кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы  Жандарбек Б.А. үстіміздегі, яғни ағымдағы жылдың басында (10 қаңтар) болып өткен Қазақстан Республикасының Парламентінің және жергілікті маслихаттың депутаттарын  сайлау науқанына байқаушы ретінде белсенді түрде қатынасып, Алаш ұлттық идеясын насихаттап, демократия қағидаларын қорғауға үлесін қосқаны үшін  алтын медальмен марапатталды және сертификат қоса берілді.

Оқиға категориялары