Онлайн-семинар

«Ж.А.Тәшенев атындағы университеті» АҚ «Педагогикалық және жаратылыстану ғылымдары» факультеті «Математика және информатика» кафедрасының ұйымдастыруымен 17.03.2025 ж. күні Zoom платформасында «Қазіргі кездегі дуалды оқыту жүйесінің мәселелері және қолдану тәжірибесі» тақырыбында онлайн-семинар өтілді. 
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің «Радиофизика және электроника» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Халықаралық жоба орындаушысы, PhD доктор А.К.Тусупбекова KazDual, ENTER, EduFusion халықаралық жобалары бойынша тәжірибелерімен бөлісті.

«Педагогикалық психологиядағы зерттеу әдістері» ашық дәріс сабақ

17.03.2025 жылы «Ж.А.Тәшенев атындағы университеті» АҚ «Педагогика және өнер» факультеті, «Мектепке дейінгі оқыту және психология» кафедрасының магистр, аға оқытушысы Мамбеталиева Айгерим Кудайбергеновна «Педагогикалық психология» пәнінен ПИК-23-6к топ студенттерімен «Педагогикалық психологиядағы зерттеу әдістері» атты тақырыбында ашық дәріс сабағы өткізілді. Сабаққа кафедра құрамы қатысты. Ашық сабақ студенттердің білімге деген құштарлығын арттыруға ықпал етті, білім беру процесін жақсартуға және болашақ мамандарды даярлауға үлкен үлес қосады.

Халықаралық байқауының жетімпазы

"Ж.А. Тәшенев атындағы университет" АҚ «Тарих және география» кафедрасының студенті 15-наурыз күні Астана қаласында өткен
«ОРТА АЗИЯНЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ» атты Халықаралық байқауының «Тарих» бағыты бойынша ЕП-22-2к тобының студенті Тастемір Жанэл Тастанбекқызы жеңімпаз атанды.  Ғылыми жетекшілері: Шерімбаева Жібек Дүйсебайқызы, Турумбетова Гүлжан Абубәкірқызы секілді ұстаздарымызға жас тарихшылардың, сапалы білім алуымен қатар биік белестерден көрінуіне, үлес қосқаны үшін университетіміздің атынан алғыс білдіреміз.
 

Қайырымдылық акциясы

Тәшенев атындағы университеттің «ІТ және шет тілдері» факультетінің студенттері мен оқытушылары қайырымдылық күніне орай қайырымдылық акциясын ұйымдастырды
Бұл күні біз «Рахмет саған, анашым» мүгедек балалар аналарының қоғамдық бірлестігіне барып, қолдау көрсетіп, қуаныш сыйлап, мұқтаж жандарға көмек көрсеттік.
Акция аясында біз:
Білім беру үшін қажетті сыйлықтар мен кеңсе заттарын тапсырды
Жылы көңіл-күй сыйлады

«Инклюзивті оқыту қазіргі білім беру үдерісінің құрамдас бөліктерінің бірі ретінде» атты ашық сабағы

14.03.2025ж. күні «Мектепке дейінгі оқыту және психология» кафедрасының магистр, оқытушысы Жапсар Арайлым Асқарбекқызы «Инклюзивті білім беру» пәні бойынша ПиК-23-5к1 тобымен «Инклюзивті оқыту қазіргі білім беру үдерісінің құрамдас бөліктерінің бірі ретінде» атты  тақырыбында студенттермен ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында студнттер инклюзивті оқытудың мәні, мақсаты және қағидаттары туралы сонымен қатар ерекше білім беруді қажет ететін адамдармен қарым-қатынаста ашықтық, құрмет және қолдау көрсету дағдыларын қалыптастырды.

«WINDOWS жүйесінде жұмыс істеу негіздері» ашық сабақ

«Математика және информатика» кафедрасының аға оқытушысы А.С. Арысбаеваның 6В01503- «Информатика мұғалімдерін даярлау» БББ бойынша ЕП-23-13к1,2 топ студенттеріне 14.03.2025ж. күні «Операциялық жүйелер» пәнінен «WINDOWS жүйесінде жұмыс істеу негіздері» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ өз уақытында басталып,бірнеше көрнекіліктермен жаңа әдістерді қолдану арқылы видео слайдтар қолдану барысында жүргізілді. Студенттер толығымен тапсырамалармен  қамтылып, сабақтың қызықты өтуіне ат салысты. Сабақ өте жоғары деңгейде өтті.

Пікірсайыс турнирі

Жұмабек Тәшенев университетінде ағылшын тіліндегі пікірсайыс турнирі өтуде!
Бүгін университет қабырғасында студенттердің білімін, шешендік өнерін және логикалық ойлау қабілетін сынайтын ерекше оқиға – ағылшын тіліндегі пікірсайыс турнирі өтуде. Бұл турнир болашақ көшбасшыларды дайындауға, олардың сыни ойлау қабілеттерін шыңдауға және халықаралық деңгейдегі пікірталастарға дайындауға бағытталған.

«Have a nice day! Grammar» ашық сабақ

2025 жылдың 14 наурызында сағат 12:30-да ағылшын тілі кафедрасының меңгерушісі, PhD Артыкбаева Ф.И. «Have a nice day! Grammar: Reported Speech. Vocabulary: Shopping» тақырыбында 3-курс студенттеріне ашық сабақ өткізді. Сабақ «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасы бойынша өтті. Сабақ лингафон кабинетінде өткізілді, онда тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталған тыңдау материалдары қолданылды.

ШЫМКЕНТ ЖАСТАРЫ АМАЛ МЕРЕКЕСІН ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ

Көрісу күні – Амал мерекесінде Жұмабек Тәшенев атындағы университеттің жастары қаладағы өзге жоғары оқу орындарына арнайы құттықтап барып, шеру ұйымдастырды. Белсенді студенттеріміз қалалық «Жастар ресурстық орталығы», М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы, Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ, Орталық Азия инновациялық университетіне барып, ұжымын және студенттерді көктемнің жарқын мерекесі – Амал күнімен құттықтады.

Оқиға категориялары

7СЫР (24)