«Волейбол ойынының әдістерін үйрену және оларды жетілдіру» ашық сабақ
16.04.2025 күні «Дене шынықтыруды оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасының магистр оқытушысы А. Маханбетова Волейболды оқыту әдістемесі пәнінен ФК-23-1к1,2,3 топтарына «Волейбол ойынының әдістерін үйрену және оларды жетілдіру» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында бірнеше әдістерді тиімді пайдаланып, студенттерді белсенді қатыстыра білді.
ПРОФЕССОР ҒЫЛЫМИ АТАҒЫН АЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2025 жылғы 16 сәуірдегі № 525 бұйрығымен Ж.А.Ташенев университетінің Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры БАЙНЕЕВА ПАРИДА ТУРГУНБАЕВНАҒА 50200 - «Экономика және бизнес» ғылыми бағыты бойынша профессор ғылыми атағы берілді.
Сізге ғылымда шығармашылық табыстар, жаңа идеялар, әрбір игі істеріңіз бен бастамаларыңызға сәттілік тілейміз!!!
«Цифрлық ұрпақ» атты байқаудағы жеңіс
Мирас университеті ұйымдастырған «Цифрлық ұрпақ» атты байқауға қатысып, үздіктер қатарынан көрінген "IT және шетел тілдері" факультеті "Ақпараттық коммуникациялық технологиялар" кафедрасының ИЭФ-24-9к1 тобының студенті Серікбай Даниярды III орын иеленуімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл жетістік – Даниярдың табандылығы мен шығармашылық қабілетінің айқын дәлелі. Алда әлі талай биік белестер күтіп тұрғанына сенеміз!
Жарайсың, Данияр!
Отбасы–тұлғаны тәрбиелеу мен әлеуметтендіру» ашық сабақ
«Педагогика және бастауышта оқытудың әдістемесі» кафедрасының магистр, оқытушы Мирзакулова Айгерим Толебекқызы 15.04.2025ж. «Бастауыш білім педагогикасы» пәнінен «Отбасы –тұлғаны тәрбиелеу мен әлеуметтендіру» тақырыбында ПиК-23-5к-4,5,6 студенттерімен ашық сабақ жоғары деңгейде өтті.Кафедра оқытушылары қатысып өз бағасын берді, кафедрада талқыланды.
ОРЫС ТІЛІНЕН АШЫҚ САБАҚ
15 сәуірде Г.А. Абзалова ФИ 24-9к3 тобында орыс тілінен «Мамандық тілі» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақ барысында студенттер тілдің кәсіби сәйкестікке қалай әсер ететінін біліп, өз мамандықтарының терминологиясын анықтап, алған білімдерін тәжірибеде қолдануға тырысты.
«Көшбасшылық және басшылық» ашық сабақ
15.04.2025 күні «Экономика және басқару» кафедрасының э.ғ.к., аға оқытушы Е.А. Бакиров Көшбасшылық және кәсіпкерлік негіздері пәнінен ФК- 23-1к1,2,3 топтарына «Көшбасшылық және басшылық. Ерекшеліктері мен айырмашылықтары» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында бірнеше әдістерді тиімді пайдаланып, студенттерді белсенді қатыстыра білді.
"Семиотика мәдениеті" ашық сабақ
«Тарих және география» кафедрасы т.ғ.м., аға оқытушы Жүзжасарова Ақмарал Аймаханбетқызы "Семиотика мәдениеті" тақырыбында ашық сабақ өткізді.
«Педагогикалық зерттеу нәтижелері және олардың негізгі түрлері» ашық сабақ
14.04.2025ж. «Дене шынықтыру және спорт» факультетінің «Дене шынықтыруды оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасының ғ.м. аға оқытушысы Мильдоходжаева Г.С. Педагогикалық зерттеулер пәнінен ФК-24-1к7, ФК-24-1к8, ФК-24-1к9 тобының білім алушыларына «Педагогикалық зерттеу нәтижелері және олардың негізгі түрлері» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында студенттерге тақырыптың жоспарлары айтылды және сабақ уақытында негізгі мәселелер талқыланды, одан басқа студенттерге сұрақтар қойылды.
Әдістемелік семинар
14.04.2025ж. күні «Тарих және география» кафедрасының ұйымдастыруымен «Отбасы және қазіргі заман: оқыту әдістемесі мен заманауи тәсілдер» тақырыбындағы әдістемелік семинар болып өтті.
«Қазақ тілі және әдебиеті» кафедрасының секциялық отырысы
«Педагогикалық және жаратылыстану ғылымдары» факультетінің Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының білім алушылары «FUTURE SCIENCE: ИДЕЯ, ИННОВАЦИЯ, ИНТЕЛЛЕКТ» атты жас ғалымдар мен студенттерге арналған республикалық ғылыми-практикалық конференциясына қатысып жүлделі орындармен марапатталды, атап айтсақ:
І орынмен ФИ-24-1к1 тобының білім алушылары Н.Оразбай, М.Бекмаханбет ғылыми жетекшісі ғ.м., аға оқытушы А.Байболова;
ІІ орынмен ФИ-24-1к3 (ІР) тобының білім алушысы Н.Сейфолла ғылыми жетекшісі ғ.м., аға оқытушы Н.Мұса;