«Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар» ашық сабақ
2025 жылғы 3 сәуір күні «ИЭФ-23-5к» тобының студенттерімен «Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақтың негізгі мақсаты – студенттерге Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіндегі аталған құқық бұзушылық түрлерінің құқықтық табиғатын түсіндіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және мемлекеттік басқару жүйесінде адалдық қағидаттарын насихаттау болды.
«Conteppary methods» ашық сабақ
«Ағылшын тілі» кафедрасының оқытушысы Г.Д.Есжанованың ұйымдастыруымен 2025 жылдың 3 сәуір күні сағат 15.30, 317 аудиторияда ФИ 23-9к5 тобы студенттерінің қатысуымен «Ағылшын тілін оқытудағы CLIL технологиясы» пәні «Conteppary methods» тақырыбында ашық сабақ өтілді. Сабақ барысында келесі инновациялық әдіс-тәсілдер қолданылды: flipped classroom, peer instruction, role play. . Студенттер сабаққа белсенді түрде қатысып, қолдарын көтеріп, сұрақтаға жауап беріп отырды. Сабақ барысында білім алушылар оқу, жазу, сөйлеу және тыңдау тілдік дағдыларын дамыта білді.
Ашық семинар
“Химия және биология” кафедрасында 03.04.2025 ж. “Жаратылыстану бағыты бойынша білім беруде жасанды интелект платформаларын тиімді қолдану” тақырыбы бойынша ашық семинар өткізілді.
Семинар тақырыптар
1 Жалпы білім беру саласында- жасанды интелектті білім беру сапасын арттыру мақсатында қолданудың жолдары. Баяндамашы: PhD докторы Ш.С. Муминова. Өтетін орны, уақыты: Сағат:10:30, 104 ауд.
Жасанды интеллект және робототехника орталығы
Орталық туралы жалпы ақпарат
Жасанды интеллект және робототехника орталығы (ЖИРО) – бұл Тәшенов атындағы университеттің инновациялық алаңы. Орталық жасанды интеллект, робототехника және цифрлық жүйелер саласында заманауи мамандарды даярлауға, сондай-ақ ғылыми және өндірістік шешімдерді әзірлеуге бағытталған.
«Футболдың техникасы мен ережелері» ашық сабақ
02.04.2025 күні «Дене шынықтыру» кафедрасының магистрі, аға оқытушысы Ғ.А.Өтегенов «Дене шынықтыру» пәнінен ЕП-24-2к, ЕП-24-3к, ЕП-24-4к, ЕП-24-7к, ЕП-24-9к, ЕП-24-13к тобының білім алушыларына «Футболдың техникасы мен ережелері» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында студенттерге тапсырмалар, жаттығулар, футбол ойын ережелері ұсынылды.
Кафедра мүшелері сабаққа қатысып, футболдың техникасы мен ережелерін және әдісінің оқу процесінде студенттердің танымдық белсенділігі мен қызығушылығын арттырудағы тиімділігін атап өтті.
Хабарландыру
Movie Club барлық кино сүйер қауымды шақырады!
Не: «Фантастикалық жануарлар және оларды қайдан табуға болады» фильмінің көрсетілімі
Қашан: 3 сәуір (бейсенбі)
Қайда: Құнайұлы даңғылы, 21, 313-аудитория, 3-қабат
Уақыты: 15:00
Movie Club-қа қосылып, сиқырлы әлемге қызықты саяхат жасап, фильмді талқылайық!
Тіркелу үшін телефон: +77476099828
Құттықтаймыз!
Педагогикалық және жаратылыстан кафедрасы, Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы Айткулова Гульмира Әріпханқызы М.Ә. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан ғылыми зерттеу университетінде «8D02310– Филология» мамандығы бойынша «Қазақ лингвомәдени танымындағы «еңбекқорлық\\жалқаулық» концептілері» тақырыбындағы докторлық диссертациясын сәтті қорғап, PhD дәрежесін иеленді!
Бұл жетістік – университетіміздің ғылыми әлеуетін арттырудағы маңызды қадам! Гульмира Әріпханқызына шығармашылық табыс, жаңа ғылыми жаңалықтар мен жетістіктер тілейміз!
«Тыныс алу жүйесінің физиологиясы» ашық сабақ
Сабақтың түрі: Дәріс сабағы
Сабақтың әдісі: Дәріс дисскусия
Сабақтың көрнекілігі: интер активті такта, муляж, миға шабуыл
Өтілетін орны: 112 А.
Қатысқандар: А.С.Тенлибаева., Р. Дилбарканова., Р.Э. Айткулова., А.Р. Мамытова., А.Рзалы., Р.А.Козыкеева 2-курс, ЕП-23-7к оқу тобы.
Кафедраның профессоры Дильбарканова Рсай 6ВО5101-« Биология » мамандығының 2-курс (ЕП-23-7к) студенттеріне «Адам және жануарлар физиологиясы» пәнінен өткізілген ашық дәріс сабағын талдау.
«Футбол ойынының техникасын жетілдіру» ашық сабақ
01.04.2025 жылы «Дене шынықтыруды оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасының магистрі, оқытушысы Т.Ж. Әжібеков «Футболды оқыту әдістемесі» пәні бойынша Фк-23-1к10, Фк-23-1к11, Фк-23-1к12 тобының білім алушыларына «Футбол ойынының техникасын жетілдіру» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Практикалық сабақ барысында білім алушылар тапсырмалар, жаттығулар, футбол ойынының техникасы мен тактикасы ұсынылды.