Әйел - әлем шуағы” атты ашық тәрбие сағаты

IT және шетел тілдері факультетінің, Ағылшын тілі кафедрасының 1-курс Фи-24-9к1 тобының білім алушыларының ұйымдастыруымен 2025 жылдың 5-наурыз күні “Әйел - әлем шуағы” атты ашық тәрбие сағаты өтті! Тәрбие сағаты барысында студенттеріміз өз өнерлерін көрсетіп, асыл жанды аруларды қуантты. Атап айтқанда, ақын жазушылардың туындыларынан поэзия мен монолог, әсем ән мен би және “Соқыр ана” атты сахналық қойылым көрсетіп, көрермендердің ықыласына бөленді. Шара соңында барлық студенттер көрермендермен бірге “Анашым” әнін орындады.

Инклюзивті білім беруді дамыту

Ж.А. ТӘШЕНЕВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ҒЫЛЫМИ ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛУДА 
(Ж.А. Тәшенев университетінде инклюзивті білім берудің тиімді ортасын құру ғылыми бастамасы)

Ынтымақтастықтың кеңейуі

Ж.А. ТӘШЕНЕВ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТ ПЕН ФЫРАТ УНИВЕРСИТЕТІ АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КЕҢЕЮДЕ 
2025 жылдың ақпан айында Ж.А. Тәшенев атындағы университет пен Түркияның жетекші жоғары оқу орындарының бірі – Фырат университеті арасындағы академиялық ынтымақтастық аясында маңызды іссапар өтті.

Жұмабек Тәшеневтің өмірі мен қызметіне арналған ашық кураторлық сағат

24-2р ФИ тобында Қазақстанның көрнекті мемлекет қайраткері, патриот және аумақтық тұтастығының қорғаушысы Жұмабек Тәшеневтің өмірі мен қызметіне арналған ашық кураторлық сағат өтті.
Талқылаудың негізгі тақырыптары:

Ғылым және коммерцияландыру бөлімі

► About the organization of scientific research work


►Ташенев оқулары: «Білім мен ғылымды дамытудың өзекті трендтері мен перспективалық бағыттары» атты Халықаралық ғылыми-практикалық NEO конференцияның ғылыми мақалалар жинағы. Шымкент, 2023, 1000 бет. 1-ші жартысы2-ші жартысы

КІШІ ФУТБОЛ ТУРНИРІ

ФАКУЛЬТЕТТЕР АРАСЫНДАҒЫ КІШІ ФУТБОЛ ТУРНИРІ: ЖЕҢІС, ЕРІК-ЖІГЕР ЖӘНЕ БІРЛІК!
Ұлт мүддесі үшін аянбай еңбек еткен мемлекет қайраткері Жұмабек Ахметұлы Ташеневтің 110 жылдық мерейтойы мен 1 наурыз – Алғыс айту күні аясында Дене шынықтыру және спорт факультетінің ұйымдастыруымен кіші футболдан факультетаралық турнир өтті.

Университетіміздің студенті – Қазақстан чемпионы!

Жеңіс құтты болсын! 
Ж.Ташенов атындағы университетінің студенті Дюсебай Іңкәр – Қазақстан чемпионы!
2025 жылдың 17-22 ақпан аралығында "Дәулет" теннис орталығында өткен Қазақстан Республикасының ересектер арасындағы қысқы чемпионатында Алматы қаласының атынан сынға түскен ФК 24-1к1 тобының студенті, ҚР спорт шебері Дюсебай Іңкәр үздік өнер көрсетіп, І орын иеленді! 
Жеңімпаздың сөзі:

«Оқу сабақтарын өткізуге арналған әдістемелік әзірлемелердің мазмұны мен құрылымы» семинар

28.02.2025ж.  «Ж.А.Тәшенев атындағы университеті» АҚ  «Педагогикалық және жаратылыстану»  факультеті  «Математика және информатика»  кафедрасы магистрі, аға оқытушы Катбаева Майра Турганбаевна  «Оқу  сабақтарын өткізуге арналған әдістемелік әзірлемелердің мазмұны мен құрылымы» тақырыбында семинар ұйымдастырды. Семинарға профессор-оқытушылар құрамы мен кафедраға қарасты білім беру бағдарламаларының білім алушылары қатысты. Қатысушылардың белсенділік таныта отырып қатысу барысында семинар өз дәрежесінде өтілді.

Оқиға категориялары