Жұмабек Тәшенев университетінде жазғы лагерь бастау алды

Ж. Тәшенев университетінде оқушыларға арналған жазғы оқу лагері өз жұмысын бастады. Аталған лагерь Шымкент қаласы әкімдігімен бірлесіп, мектеп оқушыларының жазғы демалысын мазмұнды әрі тиімді ұйымдастыру мақсатында өткізіліп жатыр.
Университет қабырғасында 26.05.2025 ж. – 04.07.2025 ж. аралығында 8, 9, 10 сынып оқушылары үшін “Жазғы лагерь” жобасы аясында түрлі кездесулер, таныстырылымдар және тақырыптық дәрістер өтуде.

Жазғы сессия: академиялық адалдықты қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде

Жұмабек Тәшенов атындағы университетте жазғы емтихан сессиясы жалғасуда, ол 12 мамыр мен 27 маусым аралығында 1–4 курс студенттері үшін өткізіледі. Барлық курстар бойынша емтихандар Platonus платформасы арқылы электронды форматта, заманауи прокторинг құралдары, бейнебақылау және әділдікті автоматты түрде қадағалау жүйесі арқылы өтуде.
Жоғары оқу орындарында академиялық адалдықты қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында өткізілетін республикалық «Таза сессия» акциясы аясында бүгін университетте емтихан процесінің ұйымдастырылуына мониторинг жүргізілді.

Конкурс жариялау

Хабарландыру 21.05.2022 ж.
    
«Жұмабек  Ахметұлы Тәшенев атындағы Университеті» АҚ профессор-оқытушылар құрамы және ғылыми қызметкерлердің бос орындарына конкурс жариялайды.

Халықаралық талаптарға сай: 20 білім беру бағдарламасы сәтті аккредиттелді

2025 жылдың 21-22 сәуір аралығында Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университетінде «Аккредиттеудің Тәуелсіз Қазақстандық орталығы» (НКЦА) коммерциялық емес мекемесінің сыртқы эксперттік тобы 20 білім беру бағдарламалары бойынша халықаралық бағдарламалық аккредиттеу стандарттарының өлшемдеріне сәйкестігі тұрғысынан тексеру жұмыстарын жүргізді. 
Нәтижесінде, 2025 жылдың 16 мамыр күні Аккредиттеу кеңестің шешімімен (№55 хаттама, 16.05.2025) білім беру бағдарламалары мамандандырылған аккредиттеу стандарттарына сәйкес деп танылып, 5 жыл мерзімге сәтті өтті.

Кәсіби бағдар беру жұмысы

Ж.А. Тәшенев атындағы университеті, “Ағылшын тілі” кафедрасының оқытушылары Түркістан облысы, Түркістан қаласына барып, бітіруші түлектермен кездесіп, кәсіби бағдар беру мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында оқушыларға университеттің білім беру бағдарламалары, оқу артықшылықтары мен мүмкіндіктері, студенттік өмір және түлектерге арналған перспективалар туралы толық ақпарат берілді. Кездесуде оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, университетке түсу шарттары мен білім беру бағыттары бойынша кеңестер алды.

ТӘШЕНЕВ УНИВЕРСИТЕТІ EDTECH-ЖОБАНЫ ӨЗ ҚАРЖЫСЫ ЕСЕБІНЕН БАСТАМА ЕТІП ІСКЕ ҚОСУДА!

Ж.А. Тәшенев атындағы университеті жаңа білім беру жобасын қолға алды:

«Цифрлық технологияларды қолдана отырып, әртүрлі деңгейдегі шет тіліндегі тыңдау дағдыларын дамыту»

«Цифрлық құралдар тек көмекші емес — олар тілді қабылдау жүйесін өзгертеді»
— ФазилаАртықбаева, PhD, ағылшын тілі кафедрасының меңгерушісі, жоба жетекшісі

Оқиға категориялары