Семинар – тренинг “Кәсіпкерлік негіздері және жастарды кәсіпкерлікке баулу”

Күні: 02 желтоқсан, бейсенбі
Уақыты: 12:30

Ұйымдастырушылар: Жетісай ауданы ішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық орталығы және "Сырдария" университетінің Жастармен жұмыс атқару бөлімі.

Өтетін орны: Бас оқу ғимараты, 1- аудитория
 

Алаш тағылымы

«Сырдария» университетінде 25.11.2021 күні Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздікке 30 жыл: жаңа цифрлық дәуірде – ұлттық дамудың ұтымды жүйесін нығайту» атты халықаралық форум аясында «Алаш идеясы және Тәуелсіздік: сабақтастығы мен тағылымы» атты халықаралық дөңгелек үстел өтті.

«ТАЛАНТТАР ФАБРИКАСЫ» АТТЫ ДАРЫНДЫ ЖАСТАРДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАС СУРЕТШІЛЕР МЕН ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРЛЕРІ КӨРМЕСІ

«Тәуелсіздікке 30 жыл: жаңа цифрлық дәуірде  - ұлттық дамудың ұтымды жүйесін  нығайту» атты Халықаралық форумның «Таланттар фабрикасы» атты дарынды жастардың республикалық жас суретшілер мен қолөнер шеберлері көрмесі болып өтті. Көрмеге аудан мектептері Б. Момышұлы атындағы  мектеп гимназия, Түркістан,  Байзақов,  №1 «Мырзакент» - мектеп гимназиясы,   Ю. Гагарин, С.Ерубаев, И.Жансүгіров атындағы ЖОМ КММ ұстаздары мен оқушылары өз қолөнер бұйымдарын көрмеге койды. 

АЛАШ ИДЕЯСЫ ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗДІК: САБАҚТАСТЫҒЫ МЕН ТАҒЫЛЫМЫ

Еліміздің тәуелсіздік алғанына 30 жыл толып, енді төртінші онжылдыққа қадам басқалы отырған  айтулы кезеңде, халқымыздың осы ұлы арманы мен мұраты болған тәуелсіздік жолындағы ұлы күрестерінен тағылым алып, елдік пен ұлттық бірлікті нығайта түсуіміздің маңызы зор. Тарихымыздағы сондай тәуелсіздік жолындағы күрестердің бірі де берегейі – Алаш қозғалысы болып табылады.

Алаштың қилы жолдары

«Отан және шетел тарихы» кафедрасының ұйымдастыруымен «Алаш қайраткерлерінің ұлт мүддесі жолындағы күресі» атты дөңгелек үстел өткізілді. Шараға «Филология және гуманитарлық білім» факультетінің деканы т.ғ.к., доцент М.Б. Мейірбеков, «Білім беру технологиялары» кафедрасының меңгерушісі К.Ә. Исаева., п.ғ.к., доцент Т.И. Кокумбаева., «Ағылшын тілі» кафедрасының меңгерушісі М.М.Исламова және кафедра профессор-оқытушылар құрамы мен жалынды жастыр қатысты.

Ұлт қайраткері, ұлттық рухтың ұраншысы – Өзбекәлі Жәнібековтің туғанына 90 жыл

 «Сырдария» университетінде 2021 жылдың 24 қарашасынан бастап, Тәуелсіздікке 30 жыл: «Жаңа цифрлық дәуірде - ұлттық дамудың ұтымды жүйесін нығайту» Халықаралық Форумы өз жұмысын бастады.

Оқытушыларды құттықтаймыз!

«Сырдария» университеті Оқу-әдістемелік басқарманың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 18–29 қазан күндері аралығында профессор-оқытушыларды оқытылатын пәннің бейініне сәйкес, Алматы қаласында орналасқан «Білім беру және ақпараттық жаңашыл технологиялардың ғылыми-зерттеу орталығында» онлайн режимде 72 сағаттық біліктілігін арттыру курсынан өтті. 

Университетімізде Халықаралық деңгейдегі конференцияның пленарлық мәжілісі болып өтті

2021 жылдың 24 қарашасы күні сағат 11:00-де «Сырдария» университетінің виртуалды залында «Тәуелсіздікке 30 жыл: жаңа цифрлық дәуірде – ұлттық дамудың ұтымды жүйесін нығайту» атты халықаралық форум аясында «Тәуелсіз Қазақстан: заманауи білім әлеуеті мен жетістіктер» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның пленарлық мәжілісі болып өтті. Мәжілісті университет ректоры, философия докторы (PhD) Тоқмұрзаев Бақыт Салманұлы Алғы сөзбен ашып беріп, толық жүргізіп отырды.

GUEST SPEAKER

Жастар арасында танымал "GUEST SPEAKER" жобасы еңбек нарығында сұранысқа ие қажетті құзыреттер мен дағдыларды дамытуға бағытталған.

Спикерлер арасында білім беру және басқа да қызмет салаларындағы үздік практиктер мен мамандар, мәдениет, ғылым және спорт өкілдері, БАҚ өкілдері мен блогерлер.

19 қараша күні спикер ретінде «Оңтүстік» телеарнасының журналисі, тележүргізуші Рахат Арғынбай «Табысқа жету үшін жастарға энергияны қайдан алуға болады?» тақырыбында өз ойымен бөлісті.

ЖЕТІСАЙДЫҢ РАХАТЫ ЖАСТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Жетісай қаласындағы «Сырдария» университетінің ұйымдастыруымен қоғам белсендісі, «ONTUSTIK» телеарнасының белді журналисті Рахат Арғынбаймен кездесу болып өтті.
Кездесуге Жетісай аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Омар Есенбеков пен «Сырдария» университетінің тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Замзагүл Сламбекова бастаған оқытушы профессорлары, оқу орнының студенттері мен Жетісай қаласы мектептерінің жоғарғы сынып оқушылары қатысты.

Оқиға категориялары