Кәсіптік практиканың орнықтыру конференциясы

«Сырдария» университетінде 4-курс студенттерімен 24 қаңтар 2022 жылы кәсіптік практикаға орнықтыру конференциясы ZOOM платформасында өтті.
Кәсіптік практиканың орнықтыру конференциясын универсиеттің «Гуманитарлық ғылымдар және заң»факультетінің деканы, тарих ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Мейірбеков Мырзабай Балтабайұлы практиканттарға өзінің ізгі тілектерін білдіре отырып ашты.

«Syrdariya-Startup» инновациялық идеялар мен стартап-жобалар байқауы

«Сырдария» университетінің жас новаторлары мен болашақ кәсіпкерлері арасында «Syrdariya-Startup» инновациялық идеялар мен стартап-жобалар байқауын өткізеді.
Байқаудың мақсаты-Мырзашөл аймағы үшін перспективалық ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларды табу және оларды іске қосуға көмектесу.

Құттықтаймыз!

Университеттің ғалым хатшысы, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор м.а. Абенова Ләззат Усманқызы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы- 2021» атағын иеленді. 

Ләззат Усманқызын осы үлкен жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Университет ұжымы Сізді мақтан тұтады. Университет мәртебесі мен абыройын асқақтату жолындағы шығармашылық еңбегіңіз бен ғылыми ізденістеріңіз Сізді биік белестерге жетелей берсін. Сізге шығармашылық табыс пен кәсіби жетістіктер тілейміз!
 

Кәсіптік практиканың орнықтыру конференциясы

Хабарландыру!!!
«Сырдария» университетінде 24 қаңтар 2022 жылы сағ: 11:00.  4 курс студенттерімен кәсіптік практиканы ұйымдастыру және бағыт бағдар беру мақсатында орнықтыру конференциясы өтеді.

Мақсаты:
-Студенттерді кәсіптік практиканың мақсат міндеттерімен;
-Практика базалары және бұйрықтарымен.
-Практиканы ұйымдастыру, өткізу барысы туралы пән педагогика және психология әдіскерлері мен жетекшілерінің ұсыныс пікірлерімен таныстыру.

Жаңа білім беру ресурстары

Құрметті студенттер мен оқытушылары!

Оқытушылар мен студенттердің қазақ тілін оқу үдерісінде қолдану аясын кеңейту мақсатында біз Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (IP: 77.245.105.165) ұсынған бірқатар жаңа қоғамдық электронды өнімдерді ұсынамыз:

«Өзгерісті өзіңнен баста» - кітап оқу кіші жобасы

Кітап оқып рухани көкжиекті дамыту мақсатында “Сырдария” университеті «Филология» кафедрасының “Көкжиек” әдеби-тілдік бірлестігі ғалым Абенова Лаззат Усмановнаның бастамасымен белгілі жазушы Тахауи Ахтановтың “Шырағың сөнбесін” атты романын «Гуманитарлық білім және заң» факультетінің оқытушы-профессор құрамымен біргелікте оқып, талқылады.   

Университет ректоры білім алушылармен онлайн кездесуі

Құрметті «Сырдария» университетінің студенттері мен магистранттары!
«Сырдария» университеттің ректоры Бақыт Тоқмұрзаев көктемгі семестрді ұйымдастыру бойынша оқу орны білім алушыларымен онлайн форматта кездесу өткізеді.
Тікелей эфир
19 қантар, сағат 16:00
Zoom платформасы 
ID: 625 382 6785
Пароль: 1111
 

Оқытушылар мен білім алушылардың назарына!

«Сырдария» университетінің аумағында коронавирустық инфекция таралуының алдын алу шараларын іске асыру мақсатында 2021-2022 оқу жылында көктемгі семестрдегі оқу үдерісі келесі тәртіппен ұйымдастырылады:
    Кадрларды даярлаудың барлық бағыттары бойынша 1-4-курс білім алушылары және магистранттар үшін оқу үдерісі 2022 жылдың 24 қаңтардан бастап аралас форматта өтеді: дәрістер – онлайн, санитарлық режим мен әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, қолданбалы сипаттағы семинар, практикалық және зертханалық сабақтар – дәстүрлі. 

Тахауи Ахтановтың “Шырағың сөнбесін” романын талдау

“Сырдария” университетінің “Көкжиек” әдеби-тілдік бірлестігі жазушы Т.Ахтановтың шығармасын талдамақ. Барша әдебиет сүйер қауымды шараға қатысып, пікір білдіруге шақырамыз!

Күні : 20 қаңтар, сағат:15:00

Өтетін орны: 36-аудитория

Байланыс телефоны: 8 747 151 64 79
 

«СЫРДАРИЯ» УНИВЕРСИТЕТІ ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ШЕШІМІН ҚОЛДАЙДЫ

Тәуелсіз Отанымыз Қазақстан - басты байлығымыз. Тәуелсіздік сынға түскен сәтте бірлігімізді нығайтып мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың жанында топтасып, оның жүзеге асырып жатқан саясатын толық қолдаймыз!
Елімізде елең алған жағымсыз оқиғаларға қатты күйінеміз, сондықтан біз, Жиделібайсын жеріндегі жоғары білімнің ақ шаңырағы - «Сырдария» университеті студенттері және профессор-оқытушылары Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевпен бірге екенімізді жариялаймыз.

Оқиға категориялары