"Халық сақшысы” еріктілер
Кеше еліміздегі төтенше жағдайға байланысты құрылған "Халық сақшысы” еріктілер жасағы Жетісай ауданындағы блок бекеттердегі әскери қызметкерлерге түскі ас таратуға көмектесті. Еріктілер арасында университетіміздің StudentsUnion белсенді студенттері бой көрсетті. Олар: “Филология және гуманитарлық білім” факультетінің 1- курс студенті Серікбай Зулхарнай мен “Спорт және өнер” факультетінің 1- курс студенті Камал Айшагүл.
Бүгін - Жалпыұлттық аза тұту күні
Бейбіт шерудің берекесін қашырып, елге лаң салған содырларға халықтың қарғысы тиер…
Шейіт кеткен боздақтардың рухтары бейіштің төрінде шалқысын! Марқұмдардың ата-аналарына, туған-туыстарына, жарларына қайғырып көңіл айтамыз.
Енді мұндай сұмдық қайталанбасын! Еліміздің еңсесі биік, Туы жоғары болсын!
► https://www.facebook.com/syrdariyauniversity/videos/322120479807249/
Жаңа жыл құтты болсын!
Құрметті «Сырдария» университетінің ұжымы мен студент-жастар!
Құттықтаймыз!
Білім мен ғылымның дамуына қосқан елеулі үлесі және кадр даярлаудағы жоғары жетістіктері үшін Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы Қ.Балабиев «Сырдария» университетінің профессор-оқытушылары мен қызметкерлерін естелік грамоталармен марапаттады:
“ҮЗДІК ЖАСТАР - 2021” премиясы
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Жастар ресурстық орталығына 10 жыл толуына орай аудан әкімінің “Үздік жастар - 2021” премиясы өтті.
Премияда университетіміздің бөлім басшылары мен студенттері қатысып, "Үздік номинация" иегерлері атанды.
"Үздік жастар ұйымының төрайымы" номинациясын Жастармен жұмыс атқару бөлімінің басшысы Тұрсын Ақерке иеленді.
“Үздік оқытушы” номинациясын “Ғылыми зерттеу және коммерциялау” бөлімінің басшысы Мазанбекова Меруерт алды.
ЖАС ҒАЛЫМ МЕМЛЕКЕТТІК ҒЫЛЫМИ СТИПЕНДИЯ ИЕГЕРІ АТАНДЫ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылым саласындағы атаулы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендиялар беру туралы» 2021 жылғы 23 желтоқсандағы №600 бұйрығына сәйкес «Сырдария» университеті «Ақпараттық технологиялар және жаратылыстану ғылымдары» факультетінің деканы философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы Небесаева Жанар Орынбекқызы мемлекеттік ғылыми стипендия иегері атанды.
«СЫРДАРИЯ» МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ АШЫЛУЫ
Syrdariya school артықшылықтары:
✅ ағылшын тілін интенсивті режимде оқыту;
✅ ағылшын тілін шетелдік мұғалімдер оқытады;
✅ математика мен физика пәндерін тереңдетіп оқыту;
✅ жоғары білікті мұғалімдер;
✅ шетелдің тәжірибелі мамандарынан білім алу мүмкіндігін ұйымдастыру;
✅ оқыту процесінде баланың сыни тұрғыдан ойлауын дамытатын технологиялар қолданылады;
✅ оқу бағдарламасының икемділігі, балалардың өздерін қызықтыратын пәнді таңдай алу мүмкіндігі;
✅ заманауи материалдық-техникалық база;
Университет және мектеп: білім саласындағы ынтымақтастық
Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі №11 «Жеңіс» мектеп-гимназиясы «Сырдария» университетінің қолдауымен 2021 жылдың 21 желтоқсан күні «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл: мектеп мұғалімдерінің заманауи білім әлеуеті мен жетістіктері» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.
Конференцияға аудандағы жалпы білім беру мекемелерінен мектеп директорлары, мектеп директорының оқу-тәрбие орынбасарлары, педагог-психологтар, пән мұғалімдері және «Сырдария» университетінің профессор-оқытушылары қатысты.
"БІЛІМДІЛЕР АЛАҢЫ" интеллектуалды ойын өтті
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен Жетісай ауданның жастар арасында "БІЛІМДІЛЕР АЛАҢЫ" интеллектуалды ойын өтті.
Syrdariya University Students' Union ұйымының белсенді студенттері қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
Жүлделі 2-орынды "Тарих мұғалімдерін даярлау" БББ 1- курс студенті Серікбай Зулхарнай иеленсе,
Республикадағы үшінші электронды кітапхана
10 жыл ішінде «Сырдария» университетінің электронды кітапханасы Қазақстандағы ең танымал кітапханалардың бірі болып табылады. Университеттің барлық 9300 электронды ресурстары Қазақстан Республикасы ЖОО қауымдастығының қорына енгізілген. 2021 жылдың қорытындысы бойынша біздің университет электронды кітаптарды жүктеп алу саны бойынша үшінші орында.