Адал және әділ ұрпақ- еліміздің болашағы
«Сырдария» университеті «Спорт және өнер» факультеті 6В01601 - «Дизайн» білім беру бағдарламасының студенттерімен «Адал және әділ ұрпақ – еліміздің болашағы» атты тәлімгерлік сабағы өтті.
Мақсаты: Студенттерді талдау жасауға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресе білуге, адал және әділ болуға үйрету.
Сыбайлас жемқорлық-бүкіл әлемдік індет. Алдағы уақытта бұл індеттің алдын алу үшін міндетті түрде бүкіл ел болып атсалысу керек.
"СӘЛЕМДЕСУ - СЫПАЙЛЫҚ ПЕН ІЗГІЛІКТІҢ БЕЛГІСІ"
«Спорт және өнер» факультетінің 1 курс студенттері арасында «Сәлемдесу - сыпайлық пен ізгіліктің белгісі» тақырыбында пікірталас болып өтті. Мақсатымыз студенттердің адамгершілік тәрбиесінен білік – дағдыларын қалыптастыра отырып, адамгершілік тәрбиеге тоқталу арқылы оның ішінде алғашқы сәлемдесу әдебінің маңызын аша отырып, адамшылық қасиеттерді қалыптастыру.
Кіші футболдан турнир өтті
«Сырдария» университетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай кіші футболдан турнир өтті
Шеберлік сағаты
«Сырдария» университі «Спорт және өнер» факультетінің оркестр класында Бөрі Исаның бір топ жас өнерпаздармен "Абай атындағы №4 ЖОМ КММ" мектептің шағын оркестр мүшелерімен шеберлік класс өткізді.
Шәкірттермен бірге ұстаз Бөрі Иса қосылып күй тартып, сөз соңында осындай кездесулердің жалғасы болатынын айтып оқушыларды өнерге деген қызығушылығын арттыра түсті.
Бейнеролик №1. https://youtu.be/3tfiMs_nJQE
KINOALEMГЕ саяхат
Кино өнері – өнердің бір түрі, әдебиет пен театрдың, бейнелеу өнері мен музыканың көркемдік қасиеттерін өзінің ерекшелігіне орай пайдаланатын синтезді өнер. Фильмді жасауға әр алуан мамандықтағы творчество қызметкерлері кинодраматург, режиссер, актер, оператор, суретші, композитор қатысады.
Шеберлік сағаты
"Сырдария" университеті, "Спорт және өнер" факультетінің профессоры Бөрі Иса ауданымыздағы Мұстафа Шоқай атындағы мектептің "Асыл мұра" домбырашылар ансабліьмен жүздесіп, өзінің шеберлік классын өткізді.
Ұстаздың ойын тәсілдеріне, жас өнерпаздар қызыға қарап, тыңдап, өздерінің өнерге деген құштарлығын арттыра түсті.
Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз
Бүгін 01.11.2021ж. күні Түркістан облысы Жетісай қаласы "Сырдария"университетінің "Заңтану және экономика" факультетінің "Құқық және экономика" кафедрасының оқытушысы М.Қ. Маметова Қаржы-11, Қаржы-18, Қаржы-19 топ студенттерімен "Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз" тақырыбында ашық тəрбие сағатын жоғары дəрежеде өткізді! Ашық тəрбие сағатына кафедра оқытушылары: ғ.м., аға оқытушы М.Ж. Ихласова, ғ.м., аға оқытушы Ж.С. Нұрмұханов жəне "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы" іс-қимылының маманы: Н.Б.Қонарбаева қатысты.
"Күзгі леп" атты шығармашылық сурет байқауы
Ұйымдастырушы: «Өнер» кафедрасы
Өтілетін орны: «Өнер» корпусы
Күні: 11 Қараша
Сағат: 12:30
Аудитория: 25,26
"Тәуелсіздікке алтын күздің тартуы"
Ақпараттық технологиялар және Жаратылыстану ғылымдыры факультеті, Жаратылыстану ғылымдары кафедрасында тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздікке алтын күздің тартуы» атты көрме өтті.
Бұл көрменің мақсаты: білім алушыларға қоршаған ортадағы түрлі құбылыстарды және күз кереметтілігін нақты айқындап ашуға, табиғатты сүюге, сақтауға үйрету.
Ұқыптылыққа, шымыр да шапшаң ой жүйріктілігіне, талғампаздыққа, таза әдемі болуға тәрбиелеу, іскер, мәдениетті, жеке тұлғаны қалыптастыру.
Тәлімгер сағаты
Бүгін 29 қазан 2021 жылы Түркістан облысы Жетісай қаласы «Сырдария» университінің «Заңтану және экономика» факультетінің «Құқық және экономика» кафедрасының ғ.м., аға оқытушы Ихласова М. Ж. Құқық -10 тобымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – әрбір азаматтың міндеті» атты ашық тәлімгерлік сағатын өткізді.
Тәлімгер сағатының мақсаты:
1. Студенттерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптастыру
2. Қазақстанда Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жастарға насихаттау