Ашық сабақ «Тербелістер мен толқындар»
«Ақпараттық технологиялар және жаратылыстану ғылымдары» факультетінде «Физика, математика және цифрлық технологиялар» кафедрасының доценті, п.ғ.к. Т.Д.Бердалиева «Физика мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын 3-курс студенттеріне «Физикалық оқу экспериментінің техникасы» пәнінен ашық сабақ өтті.
Сабақтың тақырыбы: «Тербелістер мен толқындар».
СТУДЕНТТІК - АЛТЫН ДӘУІРІМ!
Әр адамның жадында ерекше естеліктерімен жатталып қалған студенттік өмір ешқашан ұмытылмайды. Қызығы мен шыжығы мол студенттік кездер талай әдемі де әсерлі әңгіменің арқауы болып, көрігін қыздырары қақ. Сәні мен салтанаты мәні мен мағынасы мол өмірдің кейіпкерлері – студенттердің әр күні мерекедей өтсе де, күнтізбеде белгіленген өзіндік мейрамдары да бар. Ол – 17 қараша Халықаралық студенттер күні! Осы аталмыш мерекемен факультетіміздің барлық студенттерін шын жүректен құттықтаймыз.
Ұлттық бірлік пен өркендеу жолы
Биылғы 2021 жыл - елдігіміз бен мемлекеттігіміздің дамуындағы ерекше түғырлы жыл болып отыр.
Өйткені, еліміздің тәуелсіздік алғанына 30 жыл толып, енді төртінші онжылдыққа қадам басқалы отырмыз. Ел Президенті Қ.К. Тоқаевтың биылғы «Халық бірлігі және жүйелі реформалар - ел өркендеуінің берік негізі» атгы Жолдауы да осы Тәуелсіздіктің маңызын атап көрсетуден басталды.
Халықаралық студенттер күні
Әр адамның жадында ерекше естеліктерімен жатталып, көңіл төрінде қатталып қалған студенттік кезең ешқашан ұмытылмайды. Қызығы мен шыжығы мол сол бір төрт жыл талай әдемі де, әсерлі әңгіменің арқауы болып, көрігін қыздырғаны белгілі. Сәні мен салтанаты, мәні мен мағынасы мол өмірдің кейіпкерлері – студенттердің әр күні мерекедей өтсе де, күнтізбеде белгіленген өзіндік мейрамдары да бар. Ол Халықаралық студенттер күні. Атаулы датамен "Сырдария" университетінің студенттерін құттықтаймыз.
Тарихпен тілдесу
2021 жылдың 17 қарашасында «Отан және шетел тарихы» кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Ұлттық музейіне виртуалды саяхат өткізілді. Виртиуалды саяхатқа кафедра профессор-оқытушылары, Мақта шаруашылығы музейінің директоры Тәжібекеев А, Дарын мектеп-интернатының тарих пәні мұғалімі Молдадосова А және факультет студенттері мен Дарын мектеп-интернатының үздік оқытушылары қатысты.
Ертеңгі ел иелерінің ұлт тарихымен тілдесуі
Ұлттық дәстүр, әдеби және мәдени құндылықтар, тарихи тәжірибе ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын асыл қазына. Осындай асыл қазынаны өскелең ұрпақтың бойына сіңдіруге әсерін тигізетін мәдени орындардың бірі – мұражай.
Болмысының қалыптасуында тарихи маңызы мол мұрадан сырт қалмау үшін №121 атындағы ЖОМ КММ оқытушылары мен оқушылары арнайы келіп, тарихи санасының қалыптасуына зор ықпал етті.
GUEST SPEAKER
Сіздерді кезекті еркін пікір алмасу алаңына шақырамыз.
Спикер:
Рахат Арғынбай - "Оңтүстік" телеарнасының журналисті, тележүргізуші.
"Жастардың айтары бар" жобасының авторы және жетекшісі.
Республикалық пікірсайыс турнирлерінің жеңімпазы.
Шымкент қаласының үздік пікірсайысшысы.
Үздік блогер.
Тақырып: Табысқа жету үшін жастарға энергияны қайдан алуға болады?
Күні: 19.11.2021
Уақыты: 12:00
Үстел теннисінің жеңімпаздары
«Спорт және өнер» факультетінің ұйымдастыруымен университеттің профессор-оқытушылар құрамы және білім алушылары арасында Халықаралық студенттер күніне арналған үстел теннисінен турнир өтті.
Турнир мақсаты:
- үстел теннисі спорт түрін білім алушылар арасында дәріптеу;
- жастарды спортқа тәрбиелеу;
- студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттау.
Үстел теннис жарысы халықаралық федерациялардың бекіткен ережесіне сәйкес өтілді.
"Сырдария" университетінің мақтанышы
"Сырдария" университетінің алғашқы жылдарында бізге Қытай, Монғолия мемлекеттерінен қандастарымыз университеттің барлық мамандықтарына көптеп келіп, оқуға түсіп жатты.
Өзім қызмет істейтін өнер факультеті, музыкалық білім мамандығына 10-ға жуық студенттер оқып, келісім шарт бойынша бір жылдан кейін өзге университеттерге ауысып жатты.
Абенова Лаззат Усманқызының жарияланған бейнесеминарлар
- Аннотация
-
Әдебиеттануға кіріспе