14 - ақпан Халықаралық кітап сыйлау күні!
background

14 - ақпан Халықаралық кітап сыйлау күні!

2026-02-13

Медиатека / Жаңалықтар / 14 - ақпан Халықаралық кітап сыйлау күні!

14 - ақпан Халықаралық кітап сыйлау күні!

 

12- ақпан күні, «Халықаралық кітап сыйлау күніне» орай М.Әуезов атындағы ОҚЗ университетінде ЖОО кітапқұмар белсенді жастары мен Шымкент қаласындағы қалалық кітапханалар мамандарынң қатысуымен «Кітап – ең кымбат сый» серуен квесті  өтті. 

Ташенев университеті 6В03201 - “Кітапхана ісі” БББ-ның 1- курс студенттері қатысып, іс-шараның төменде көрсетілген  бағдарламасына сәйкес ат салысты: 

«Кітап - ең қымбат сый» атты кітаппен серуен квесті төмендегідей бағыттар бойынша жүргізілді:

Book Start - қатысушыларды тіркеу және бастапқы тапсырма;

Book Quest - кітап мазмұнына негізделген іздеу және логикалық тапсырмалар;

Book Poetry - поэзия және шығармашылық кезең;

Book Challenge - командалық ойындар;

Book Heart - қорытынды бөлім, әсер алмасу қортынды бөлімінде Гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Р.С.Тукенова  Мемлекеттің саясатына орай оқитын ұлт қалыптастыру кітап оқуға баулудың маңызы туралы  баяндама жасап, “Өзге емес өзім айтам өз жайымды” өмірбаяндық мемуарын университет кітапханасына сыйға тартты.