Болашақ географтар Түркістан облысының тарихи және табиғи орындарына танымдық саяхат жасады
2026-10-11
«Өнер және гуманитарлық білім беру» факультеті
«Гуманитарлық ғылымдар» кафедрасы
«6В01514 – География (IP)» білім беру бағдарламасының студенттері Түркістан облысының киелі әрі тарихи-географиялық орындарына ұмытылмас саяхат жасап қайтты! 🏔️
Далалық-танымдық сапар аға оқытушылар Момықұл Н.М., Мекенбай Р.Т. және Әлайдар Ф.Қ. жетекшілігімен жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Болашақ географтар сапар барысында туған өлкенің бай тарихымен танысып қана қоймай, өңірдің бірегей табиғи нысандары мен сәулет ескерткіштерін өз көздерімен көріп, зерделеді.
📍 Біздің бағытымыз:
1️⃣ Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы музей (Қажымұқан ауылы) — қазақ халқының даңқты батыры, аңызға айналған балуанның өмір жолы мен ерліктеріне тағзым.
2️⃣ Тарихи «Қызыл көпір» — Бөгет өзеніндегі XIX ғасырдан (1886 жылдан) сақталған инженерлік ескерткіш.
3️⃣ Аппақ Ишан мешіт-музейі (Шаян ауылы) — XIX ғасырдағы сәулет өнерінің озық үлгісі, рухани және тарихи мұрамыз.
4️⃣ «Ақмешіт» үңгірі — Оңтүстіктің ең сырлы әрі геоморфологиялық тұрғыдан бірегей табиғи нысаны. Өзіндік микроклиматы мен ішінде өсіп тұрған ағаштары бар жер асты залы студенттердің ерекше таңданысын тудырды.
5️⃣ «Домалақ ана» кесенесі — аналардың анасы, ақыл мен даналықтың символы болған қасиетті мекенде сапарымызды түйіндедік.
💡 Бұл сапар болашақ географ мамандар үшін ашық аспан астындағы шынайы тәжірибе алаңына айналды. Студенттер ландшафттарды, карсттық құбылыстарды, өңірдің тарихи географиясы мен топонимикасын зерттеп, білімдерін шыңдады.
Студенттерге жігерлілігі мен белсенділігі үшін, ал ұйымдастырушы ұстаздарымызға қолдауы мен білімі үшін алғыс білдіреміз! 📸🌿











