2026 жылғы 21 қазанда Ж. А. Тәшенев атындағы университетте «Әлем тілдері» кафедрасының қолдауымен студенттер мен оқытушылардың Францияның жоғары білімін ілгерілету жөніндегі мемлекеттік Campus France агенттігінің өкілдерімен кездесуі өтті.
background

2026-10-10

Медиатека / Жаңалықтар / 2026 жылғы 21 қазанда Ж. А. Тәшенев атындағы университетте «Әлем тілдері» кафедрасының қолдауымен студенттер мен оқытушылардың Францияның жоғары білімін ілгерілету жөніндегі мемлекеттік Campus France агенттігінің өкілдерімен кездесуі өтті.

2026 жылғы 21 қазанда Ж. А. Тәшенев атындағы университетте «Әлем тілдері» кафедрасының қолдауымен студенттер мен оқытушылардың Францияның жоғары білімін ілгерілету жөніндегі мемлекеттік Campus France агенттігінің өкілдерімен кездесуі өтті.

Іс-шараның мақсаты — студенттерді Франциядағы академиялық ұтқырлық, магистратура, докторантура және тілдік бағдарламаларға қатысу мүмкіндіктерімен таныстыру. Кездесуде Францияда білім алу жөніндегі бюроның ресми үйлестірушісі Мерей Данаева, Шымкент қаласындағы Француз Альянсының директоры Жұмагүл Абдуллина және француз тілі оқытушысы Ақтолқын Ешімқұлова таныстырылым жасады.

Кездесу барысында спикерлер Францияның жоғары оқу орындарына құжат тапсыру және студенттік виза алу рәсімдерінде қолданылатын міндетті Études en France электрондық платформасымен жұмыс істеу тәртібін жан-жақты түсіндірді. Үміткерлерді іріктеу талаптарына, мемлекеттік стипендиялар алу мүмкіндіктеріне және алдағы оқу жылына өтініш беру мерзімдеріне ерекше назар аударылды.

Ресми бөлімнен кейін студенттер жеке кеңес алып, Францияда тұру және жаңа ортаға бейімделу мәселелеріне қатысты сұрақтарына жауап алды. Осындай кездесулер студенттеріміздің халықаралық білім кеңістігіне кірігуіне және кәсіби дамуына жаңа мүмкіндіктер ашады.