Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының мәжілісінде 7М01701 – «Қазақ тілі мен әдебиеті педагогтарын даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша магистрлік диссертация тақырыптарын талқылау мәселесі қарастырылды.
2026-10-19

Мәжілісте магистрлік диссертация тақырыптарын қалыптастыру және бекіту мәселелері қарастырылды. Атап айтқанда, білім беру бағдарламасының педагогикалық бағытын ескере отырып, зерттеу жұмыстарында қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесіне басымдық беру қажеттілігі талқыланды.
Сонымен қатар магистранттардың ғылыми-зерттеу құзыреттерін жан-жақты дамыту мақсатында лингвистикалық, әдебиеттанулық және пәнаралық бағыттардағы зерттеулерге мүмкіндік беру мәселесіне назар аударылды. Магистрлік диссертация тақырыптарының мазмұнын шектемей, олардың өзектілігін, ғылыми жаңалығын және практикалық маңыздылығын қамтамасыз ету қажеттігі атап өтілді.
Мәжіліс қорытындысы бойынша магистрлік диссертация тақырыптарын ұсыну және бекіту барысында білім беру бағдарламасының мақсаты мен күтілетін оқу нәтижелерін басшылыққа алу, әдістемелік бағытқа басымдық беру және зерттеу бағыттарының алуан түрлілігін сақтау жөнінде тиісті ұсыныстар берілді.