Абай Құнанбайұлының қара сөздерінің тәрбиелік мәні
background

Абай Құнанбайұлының қара сөздерінің тәрбиелік мәні

2026-07-07

Медиатека / Жаңалықтар / Абай Құнанбайұлының қара сөздерінің тәрбиелік мәні

Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының магистр оқытушы Асанғали М. 2026 жылғы 18 наурыз күні 6В01701 – «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасының білім алушыларына арналған «Абай Құнанбайұлының қара сөздерінің тәрбиелік мәні» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Лекция түрінде ұйымдастырылған сабақ 209-аудиторияда сағат 11:30-да өтті. Сабақ барысында Абай Құнанбайұлының қара сөздеріндегі адамгершілік, білімге ұмтылу, еңбекқорлық, адалдық, ұлттық құндылықтар мен рухани тәрбие мәселелері жан-жақты талқыланды. Білім алушыларға қара сөздердің тәрбиелік және тағылымдық мәні түсіндіріліп, олардың қазіргі қоғамдағы өзектілігі мен жас ұрпақтың дүниетанымын қалыптастырудағы рөлі жан-жақты сараланды. Сонымен қатар, қара сөздерді оқытуда қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер мен заманауи педагогикалық технологиялар қарастырылды. Ашық сабақ жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қойылған оқу мақсаттарына толық қол жеткізілді.