Университетте әлеуметтік желілер тіліне арналған ғылыми семинар өтті
2026-06-22
Университетте әлеуметтік желілер тіліне арналған ғылыми семинар өтті
2026 жылдың 5 мамырында Иляева, 33 мекенжайында орналасқан оқу ғимаратының 309-аудиториясында заманауи тіл білімі мен коммуникация мәселелерін арқау еткен ғылыми-әдістемелік семинар болып өтті.
Жиынның бас спикері Ж.Ж. Жумагулова «Язык социальных сетей как отражение современных коммуникативных тенденций» тақырыбында кең көлемді баяндама жасады. Семинар барысында келесі өзекті мәселелер талқыланды:
· Виртуалды кеңістіктегі тілдік нормалардың трансформациясы;
· Әлеуметтік желілердегі жаңа трендтер мен сөзжасам процестері;
· Заманауи коммуникативтік тенденциялардың жастар тіліне тигізер әсері.
Семинарға университет оқытушылары, жас ғалымдар мен студенттер белсенді қатысты. Баяндамадан кейін қатысушылар арасында қызу пікірталас орнап, интерактивті сұрақ-жауап сессиясы ұйымдастырылды.
Шара соңында қатысушылар тақырыптың бүгінгі қоғам үшін өте өзекті екенін атап өтіп, осындай ғылыми басқосулардың жиі ұйымдастырылып тұруы қажеттігін білдірді.
