Ғылыми және әдістемелік семинарлар: «Жаратылыстану пәндерінде жасанды интеллектіні қолдану» тақырыбында әдістемелік семинар өткізді.
2026-06-19
Семинар барысында биология, химия, физика және география пәндерін оқыту үдерісінде жасанды интеллект құралдарын тиімді пайдалану мәселелері қарастырылды. Қатысушыларға білім беру саласында жасанды интеллект технологияларын қолданудың негізгі бағыттары мен олардың оқу үдерісінің сапасын арттырудағы маңызы таныстырылды.
Баяндамашы жасанды интеллект технологияларының қазіргі таңда білім беру жүйесінде кеңінен қолданылып келе жатқанын атап өтіп, олардың оқытудың тиімділігін арттыруға, білім алушылардың танымдық белсенділігін дамытуға және оқу материалдарын меңгеру сапасын жақсартуға мүмкіндік беретінін түсіндірді. Сонымен қатар география пәнін оқытуда жасанды интеллект құралдарының цифрлық карталармен жұмыс істеуді жеңілдететіні және табиғи әрі әлеуметтік-экономикалық үдерістерді терең талдауға жағдай жасайтыны айтылды.
Іс-шара барысында қатысушылар жасанды интеллект технологияларын оқу үдерісінде қолданудың заманауи тәсілдерімен танысып, тәжірибе алмасты. Жасанды интеллект құралдарының білім алушылардың зерттеушілік дағдыларын дамытуға, ақпаратты іздеу, салыстыру, талдау және қорытынды жасау қабілеттерін жетілдіруге ықпал ететіні ерекше атап өтілді.
Семинар қорытындысында аталған технологиялардың білім сапасын арттырудағы рөлі жоғары бағаланып, олардың білім алушылардың ғылымға қызығушылығын және шығармашылық белсенділігін дамытудағы маңыздылығы көрсетілді. Семинар қатысушылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырды.
