Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған әдеби-сазды кеш өтті
background

Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған әдеби-сазды кеш өтті

2026-04-30

Медиатека / Жаңалықтар / Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған әдеби-сазды кеш өтті

Педагогикалық және жаратылыстану ғылымдары институтының Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының филология ғылымдарының кандидаты
А.А. Аккузовтың ұйымдастыруымен қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына арналған «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты әдеби-сазды кеш жоғары деңгейде өтті.

Іс-шараның мақсаты – білім алушыларға Мұқағали Мақатаевтың бай әдеби мұрасын насихаттау, ұлттық әдебиетке, ана тіліне және рухани құндылықтарға деген құрметті арттыру, жастардың шығармашылық әлеуетін дамыту.

Кеш барысында ақынның жүрек тебірентер жырлары оқылып, сөзіне жазылған әндер орындалды. Сонымен қатар білім алушылар Мұқағали шығармашылығына арналған сахналық көріністер қойып, ақын поэзиясының терең мазмұны мен көркемдік ерекшелігін жан-жақты таныта білді.

Әдеби-сазды кешке профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылар қатысып, ақын мұрасының мәңгілік құндылығы, ұлттық әдебиеттегі орны және жас ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы кеңінен сөз болды.

Мазмұнды әрі тағылымы мол іс-шара жастардың ұлттық рухты, әдеби мұраны және ана тіліне деген сүйіспеншілігін қалыптастыруға бағытталған маңызды рухани кездесу болды. Мұндай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар білім алушылардың мәдени-рухани дүниетанымын кеңейтіп, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге ықпал етеді.