«Жасанды интеллект дәуіріндегі мамандар құзіреттілігі» панельдік сессиясы өтті
2026-05-13
2026 жылғы 13 мамыр күні Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университеті базасында «Түлек және еңбек нарығы» атты мансаптық фестиваль аясында «Жасанды интеллект дәуіріндегі мамандар құзіреттілігі» тақырыбында панельдік сессия өтті.
Панельдік сессияның модераторы «Жасанды интеллект және инновация» факультетінің деканы Душабаев Даулет Шадьмахаматович болды. Іс-шара барысында еңбек нарығындағы заманауи талаптар, жасанды интеллект дәуіріндегі мамандардың кәсіби дағдылары, көшбасшылық қасиеттерді дамыту және студенттердің мансаптық мүмкіндіктері талқыланды.
Спикерлер қатарында IT және бизнес саласының тәжірибелі мамандары сөз сөйледі. Атап айтқанда, «Nur-Com-Tel» ЖШС директоры Жуматаев Нурлыбек Сраилович «Қазіргі IT нарығы және жұмысқа орналастыру: жұмыс беруші көзімен» тақырыбында баяндама жасады.
Сондай-ақ, Токбергенов Еликбай Адишович көшбасшылық қасиеттерді дамыту жолдары туралы айтып өтті. Tomorrow School директоры Сламбеков Уалихан Нұраханұлы еңбек нарығында сұранысқа ие болашақ мамандарды даярлау мәселесіне тоқталды.
«Эврика» филиалының директоры Есенкулов Ерлан Бабаханмаорулы компанияның даму мүмкіндіктері мен студенттерге арналған тағылымдамалар бағдарламасы туралы ақпарат берді. Ал ақпараттық қауіпсіздік саласының эксперті Мырзабеков Бердібек Бақытжанұлы «Мамандық таңдау – болашақты таңдау» тақырыбында ой бөлісті.
Іс-шара соңында студенттер спикерлермен еркін пікір алмасып, өз сұрақтарына жауап алды. Сонымен қатар қатысушылар ЖИ лабораториясының жұмысымен танысты

