Жоғары өнімді есептеулер және жасанды интеллект: Хуачжун ғылым және технология университеті тәжірибесі және оларды оқу үдерісіне енгізу мүмкіндіктері» тақырыбында семинар өтті
background

Жоғары өнімді есептеулер және жасанды интеллект: Хуачжун ғылым және технология университеті тәжірибесі және оларды оқу үдерісіне енгізу мүмкіндіктері» тақырыбында семинар өтті

2026-04-21

Медиатека / Жаңалықтар / Жоғары өнімді есептеулер және жасанды интеллект: Хуачжун ғылым және технология университеті тәжірибесі және оларды оқу үдерісіне енгізу мүмкіндіктері» тақырыбында семинар өтті

Лектор: PhD, қауымдастырылған профессор Жуматаев Нұрлыбек Сраилович

 

2026 жылғы 18 наурызда Жуматаев Нұрлыбек Сраилович «Жоғары өнімді есептеулер және жасанды интеллект: Хуачжун ғылым және технология университеті тәжірибесі және оларды оқу үдерісіне енгізу мүмкіндіктері» тақырыбында семинар өткізді. Семинардың мақсаты – студенттерді Хуачжун ғылым және технология университетінің (HUST) тәжірибесімен таныстырып, жоғары өнімді есептеулер мен жасанды интеллектті Қазақстан ЖОО-ларында оқу үдерісіне тиімді енгізу мүмкіндіктерін талқылау болды.

Семинар барысында HUST тәжірибесіне негізделген алты бағыт ұсынылды: силлабусты жаңарту, бағалау жүйесін өзгерту, HPC/AI зертханаларын құру, индустриямен байланыс орнату, ерте ғылыми зерттеуге тарту және академиялық мобильділікті дамыту. Қатысушылар практикалық мысалдар арқылы әр бағыттың артықшылықтары мен қолдану мүмкіндіктерін қарастырды.

Семинар интерактивті әдістерді қолдана отырып, жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткізілді. Қатысушылар белсенділік танытып, өз білімдері мен практикалық дағдыларын көрсетті. Мазмұн мен құрылым қойылған мақсаттарға толық сәйкес келді және студенттердің пәнге қызығушылығын арттырды.